Taza.kz

# Зерде

Зерде • Кеше

Шығанақ тарысы: Тарих пен тағылым

Биыл 1943 жылы ақ тарының гектарынан 201 центнерден өнім жинап әлемдік рекорд орнатқан Шығанақ Берсиевтің (1881–1944) туғанына 145 жыл толады. 1936 жылдан бастап Ойыл ауданы Қаратал ауылында тары өсірушілер звеносын ұйымдастырып, табысты суармалы шаруашылық жүргізген диқан 1944 жылы жазда 63 жасында ауыр науқастан дүние салды. Соғыс басталған жылы звеношылар үш ауысыммен жұмыс істеді. Қыркүйекке таяу қауызынан ұшырылып, тазартылған дән атарбалармен жақын жердегі теміржол бекетіне жеткізіліп, вагондарға тиеліп, майданға бағыт алатын. Екінші дүниежүзілік соғыстың қызған шағында алдыңғы шепте қар кешіп, мұз жастанған кеңес жауынгерлері Шығанақ тарысынан жасалған ботқамен қоректенді. Диқан өмірден өткен соң, кетпенін соғысқа кеткен ұлы Айттың келіншегі Ажархан ұстады.

Зерде • 17 Маусым, 2026

«Махаббат, қызық мол жылдардағы» Майра

«Әйгілі Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романын білмейтін әрі оқымаған көзіқарақты қазақ оқырманы аз шығар», деп бабыменен бастайды әңгімесін Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының құрметті азаматы Асқар Бектенбайұлы ақсақал.

Зерде • 16 Маусым, 2026

Итіке би

Мәшһүр Жүсіп бабамыз жазғандай, қазақтың қағазға түсіп қалған тарихы аз. «Естігенін ұмытпайтын, құлағының тесігі бар, кеудесінің есігі бар, ұқпақұлақ жандар болған. Сондай жандардың айтуымен кеудесі хат, естігені, көргені жад болған қариялар кейінгіге ауыздан-ауызға айтумен үлгі-өсиет қалдырған», дейді ғұлама Мәшекең.

Зерде • 11 Маусым, 2026

Асфендияровтың ұрпағы

Сәуір айында жұбайым екеуміз Ташкент қала­сына бардық. Негізгі мақсатымыз – халқымыздың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы, еуропалық білім алған алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірегейі, тарихшы ғалым Санжар Асфендияровтың жиені Софья Темірбайқызымен кездесіп, сұхбаттасу еді.

Зерде • 05 Маусым, 2026

Қазақ бөлімін ашуға бастамашы болған ғалым

Белгілі тілші, тер­минолог-ғалым, про­фессор Жәкен Мол­дажаровтың туғаны­на 95 жыл толуына орай Қа­зақ ұлттық қыздар универси­те­тінде «Мемлекеттік тіл және әлем тілдерін оқыту: тәжіри­белер мен жаңа технологиялар» атты тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Зерде • 05 Маусым, 2026

Ақаң абыройы асқақтаған тарихи жиын

1926 жылы ақпанның ая­ғында Бакуде түркі рухы тоғысқан тарихи оқиға болды. «Біз қай жол­мен жүреміз?» деген өр­кениеттік сұрақтың жауа­бын іздеп, ерте көк­тем­нің алғашқы күнінде бас қосқан, бүгінде «Түр­кі құрылтайы», «1926 жылғы басқосу», «Алғаш­қы құрылтай», «Түрко­логиялық съезд» деген айрықша атауларға ие болған, сол кезде «Бүкіл­одақтық І түркологиялық съезд» деген атаумен та­рихқа енген, түркі әлемінің тіл, жазу, білім, мәдениет және ғылым саласындағы даму бағытын айқындаған, рухани-мәдени бағдарын белгілеген стратегиялық басқосу еді бұл. Биыл, міне, сол айтулы оқиғаға – 100 жыл!

Зерде • 04 Маусым, 2026

Қиындыққа толы қиыр жол

Ел тарихындағы ақтаңдақтардың бірі – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында кеңес әскері құрамында майданға қатысып, кейін неміс тұтқынына түскен азаматтардың тағдыры. Ұзақ жыл бойы бұл тақырып жабық күйінде қалып, соғыс тұтқындарының көрген азабы мен кейінгі өмірі туралы ашық айтылмады, жазылмады.

Зерде • 04 Маусым, 2026

Ұлт тарихын пайымдаудың жаңа парадигмасы

Елорда төрінде өткен Алтын Орда тарихына қатысты алқалы жиын ұлт тарихын пайымдаудың жаңа парадигмасына айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламалық баяндамасы тарихшылар ғана емес, көптеген гуманитарлық сала мамандары мен ғалымдарға да жаңа бағыттар ашып берді. «Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидатпен келіспейтінін атап айтқан Президент тарихқа әділ әрі бейтарап қарау қажеттігін алға тартып, шынайы тарихнаманы қалыптастырудың басым бағыттарын атады.

Зерде • 02 Маусым, 2026

Ұлт тамырындағы таңба

Қазіргі жастардың талғамы, толғандыратын тақырыбы да бөлек. Олар көбіне тың идеялар мен батыл қадамдарға жақын. Заманның тамырын дөп басып, еркін ойлап, өзгеріс лебінде ерек қимылдаған ұрпақтың өткен ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық пен қуғын-сүргін туралы әлеуметтік платформалардағы пікірлерін топтастырып ұсынуды жөн көрдік.

Соңғы жаңалықтар
Фото
Яндекс.Метрика