Газет тарихы
«Қазақ газеттері» ЖШС 
Бас директоры – Дихан Қамзабекұлы
«Егемен Қазақстан» газетінің қысқаша тарихы
Ғасырлық тарихы бар республикалық басылым – «Egemen Qazaqstan» газеті алғаш рет өз оқырмандарының қолына «Ұшқын» деген атпен 1919 жылғы 17 желтоқсанда тиді. Содан бері бұл газетте әр жылдары Бернияз Күлейұлы, Смағұл Сәдуақасұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбайұлы сынды ұлтымыздың біртуар азаматтары редакторлық етіп, басылымды дамыту, бет-бейнесін қалыптастыру, беделін арттыру ісіне зор үлес қосты. Газет өз тарихында «Ұшқыннан» кейін «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ», кейіннен «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» атауымен жарыққа шықты. Еліміз егемендік алған тұста аты «Егеменді Қазақстан», ал 1993 жылы «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.
Газеттің бір күндік тиражы - 80 мың, апталық тиражы - 400 мың, интернет нұсқасының күндік қаралымы - 40-50 мың, апталық қаралымы - 300 мың.
Барлық облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында басылып, жарыққа шығады.
Газеттің өз веб-сайты (egemen.kz), интернет-редакциясы бар.
17 облыста және Шымкент қаласында меншікті тілшілері, Алматы қаласында тілшілер қосыны жұмыс істейді.
Газетте жалпы 90 адам жұмыспен қамтылған.
Газетті 1919 жылғы “Ұшқын” аталған кезінен бері басқарған басшылар
Халел Есенбаев (1892-1938) – (07.1919-02.1920)
Тәмимдар САФИЕВ (1892-1975) – (02.1920-04.1920)
Бернияз КҮЛЕЙҰЛЫ (1899-1923) – (04.1920-10.1920)
Смағұл СӘДУАҚАСҰЛЫ (1900-1933) – (01.1921-02.1921) (01.1925-04.1926).
Жүсіпбек АЙМАУЫТҰЛЫ (1889-1931) – (02.1921-10.1921).
Мұхтар ӘУЕЗОВ (1897-1961) – (11.1921-12-1921)
Әбдірахман БАЙДІЛДИН (1891-1931) – (01.1922)
Бейімбет МАЙЛИН (1894-1939) – (1922)
Сәкен СЕЙФУЛЛИН (1894-1939) – (1922-04.1924)
Молдағали ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ (1887-1938) – (04.1924 – 12.1924)
Тұрар РЫСҚҰЛОВ (1894-1938) – (04.1926-06.1926)
Ораз ИСАЕВ (1889-1938) – (06.1924-07.1926)
Ораз ЖАНДОСОВ (1899-1938) – (07.1926-08.1926)
Ғаббас ТОҒЖАНОВ (1900-1937) — (08.1925 – 05.1932 )
Айтмұхамед МУСИН (1899-1938) — (06.1932-03.1934)
Ғабит МҮСІРЕПОВ (1902-1984) – (03.1934-05.1936)
Жанайдар СӘДУАҚАСОВ (1898-1938) — (06.1936-09.1936)
Жүсіпбек АРЫСТАНОВ (1904-1992) — (06.1937-06.1938)
Сақтаған БӘЙІШОВ (1909-1982) – (09.1938 -12.1941)
Әмір ҚАНАПИН (1913-1998) – (01.1941-11.1942)
Балтабек АСАНОВ (1907-1979) — (1942-1949)
Қасым ШӘРІПОВ (1912-1984) — (03.1949-12.1951) (08.1955-09.1960)
Қабыл БЕКМҰРАТОВ (1914-1980) — (12.1951-1952)
Ғұмар АҚҚҰЛОВ (1912-1957) — (1952-1955)
Кеңесбай ҮСЕБАЕВ (1914-1995) — (1960-1969)
Ұзақ БАҒАЕВ (1930-1973) – (1969-1973)
Сапар БАЙЖАНОВ (1930-1999) – (11.1973-02.1983)
Балғабек ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ (1929-1995) – (04.1983-01.1987)
Көрік ДҮЙСЕЕВ (1936-2007) — (01.1987-11.1989)
Шерхан МҰРТАЗА (1932-2018) – (11.1989-10.1992)
Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ (1939-2015) – (10.1992-01.1993)
Нұрлан ОРАЗАЛИН (1947) — (10.1993-07.1996)
Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ (1948) — (07.1996-12.1998)
Ержұман СМАЙЫЛ (1948-2018) – (12.1998-12.2000) (2003-2004)
Сауытбек АБДРАХМАНОВ (1951) – (2000-2003) (2004-04.2016)
Еркін ҚЫДЫР (1962) — (04.2016-07.2016)
Дархан ҚЫДЫРӘЛІ (1974) — (07.2016-09.2022)
Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ (1966)—(09.2022)
Сайт туралы
Egemen.kz — бұл Қазақстандағы ең беделді және көне басылымдардың бірі — «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің ресми сайты. Сайттың негізгі мақсаты — еліміздегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жаңалықтарды халыққа жедел әрі сенімді жеткізу.
Сайт туралы негізгі мәліметтер:
ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің № KZ75VPY00062699 куәлігі берілген. Берілген күні: 12.01.2023 ж.
ЖБ аты: "EGEMEN QAZAQSTAN" «egemen.kz» желілік басылымы
ЖБ тілі: қазақша, орысша, ағылшынша
Шығу жиілігі: тәулік бойы
Меншік иесі: «Қазақ газеттері» ЖШС (Астана қаласы)
Негізгі тақырыптық бағыты: ақпараттық, қоғамдық-саяси
Тарату аумағы: интернет желісінде
Алғашқы есепке қою кезіндегі нөмірі мен мерзімі №16219-СИ, 22.11.2016.
Бөлім меңгерушісі(Редактор): Динар КЕРІМ.
Email: portal@egemen.kz
Мекенжай: 010008, Қазақстан Республикасы, Астана қ., «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13
Мемлекет басшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті
Президент • Бүгін, 18:07
1 қаңтардан бастап зейнетақы, кейбір әлеуметтік төлемдер сомасы артады
Қоғам • Бүгін, 18:05
«Қолжетімді баспана» жобасы жүзеге асады
Қоғам • Бүгін, 18:03
Шығармашылық зертхана: Ғалым Жайлыбай өлеңді қалай жазады?
Әдебиет • Бүгін, 17:54
«Шабыт» халықаралық жастар фестивалі өтеді
Өнер • Бүгін, 17:43
Өнеркәсіп қызметкерлері «Наурыз жұмыскер» игілігін көрді
Қоғам • Бүгін, 17:38
Ішкі істер министрлігі маңызды үндеу жасады
Заң • Бүгін, 17:27
Президенттің жаңа бастамалары ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында айтылды
Қазақстан • Бүгін, 17:10
Аутизмге шалдыққан балаларды емдеу шаралары жақсарады
Медицина • Бүгін, 16:57
Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректорын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:55
Президент Queen’s University Belfast басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:23
Атырауда сот орындаушысы күдікке ілінді
Оқиға • Бүгін, 16:06
AERC: 2026 жылы Қазақстанда инфляция деңгейі 8,6% болады
Экономика • Бүгін, 15:49
Президент Woosong білім беру қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ким Сонг Кёнгті қабылдады
Президент • Бүгін, 15:44
Нью-Йорктен 70%-ға арзан: Азық-түлік бағасы қолжетімді бола түсті ме?
Экономика • Бүгін, 15:32
Қазақстанда кітапты ерлерге қарағанда әйелдер көп оқиды
Қоғам • Бүгін, 15:24
Президент МИФИ ректорымен кездесті
Президент • Бүгін, 15:11
Олжас Бектенов: Үкімет қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруды жалғастырады
Үкімет • Бүгін, 15:00
Мемлекет басшысы Бейжің Тіл және мәдениет университетінің президентін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:50
 
                             
                                 
     
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                