Банк • Бүгін, 13:35
Тұтынушылық несие нарығындағы қауіп: Берешек көлемі неге өсуі мүмкін?
Қазақстанның банк секторындағы несиелендіру қарқыны бәсеңдегенімен, халықтың борыш жүктемесіне қатысты алаңдаушылық сейілмей тұр. Сарапшылардың ескертуінше, алдағы жылы банктер үшін ең әлсіз тұс – тұтынушылық несиелер болуы ықтимал. 2026 жылға арналған банк секторы бойынша болжамында S&P Global Ratings дәл осы бағытта тәуекелдің күшеюі мүмкін екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:15
Технологиялық алпауыттар жасанды интеллектіге 700 млрд доллар инвестиция салды
2026 жылы әлемдегі ірі технологиялық корпорациялар жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған инвестиция көлемін күрт арттырды. ЖИ-инфрақұрылым мен әзірлемелерге жұмсалған жиынтық шығын 700 млрд долларға жетіп, рекордтық деңгейге шықты. Бұл қадам жаһандық технология нарығындағы бәсекені жаңа кезеңге шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • Бүгін, 13:00
Дәрігерлер трактордың астына түскен ауыл тұрғынын аман алып қалды
Жақсы ауданына қарасты Новокиенка ауылында бірнеше күн бұрын жұмысшы трактордың астында қалып қойған оқиға тіркелді. Көптеген дене жарақатын алған ер адам аса ауыр жағдайда жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 12:58
Жеке зертханаларға жүргізушілерді тексеруге рұқсат берілмейді
Елімізде жүргізушілердің алкоголь не есірткі тұтынғанын анықтайтын медициналық тексерісті жекеменшік зертханаларға беру мәселесі әзірге қолдау таппады. Үкімет олардың бұл жұмысқа техникалық әрі ақпараттық тұрғыдан дайын емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 12:51
Тұрғын үй кезегі қалай жұмыс істейді?
«Тұрғын үй кезегі» дегенде көп адам қарапайым тізімді елестетеді. Алдындағы адам азайған сайын пәтер жақындай түсетіндей. Алайда іс жүзінде бұл жүйе басқаша. Кезек – пәтерді автоматты түрде алу жолы емес, мемлекеттік қолдауға қол жеткізудің тетігі. Яғни субсидия, жалдамалы тұрғын үй немесе жеңілдетілген ипотека алу мүмкіндігі. Бірақ бұл тек талаптарға сай келіп, өз мәртебеңізді үнемі тексеріп отырған жағдайда ғана іске асады, деп жазады Egemen.kz.