Taza.kz

# Саясат

Саясат • 10 Мамыр, 2026

Саясаттанушы Қазақстан-Ресей қатынастарының жаңа сипатын атады

Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып отыр. Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік экономикалық, гуманитарлық және тарихи байланыстар арқылы нығайып келеді.

Саясат • 05 Мамыр, 2026

Өңірлер қауіпсіздігі Алматыда талқыланды

«Орталық Азия – Оңтүстік Кавказ – Таяу Шығыс үштаға­нын­дағы қауіпсіздік, геосаясат және түркі интеграциясы». Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен халықаралық ғылыми-тәжі­ри­белік конференция осын­дай тақырып аясында ұйымдас­тырылды. Екі күнге созылған жиынға Әзербайжан, Түркия, Үндістан, Пәкістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Грузия, Ресей және Ұлыбританиядан келген ғалымдар, сарапшылар мен талдау орталықтарының өкілдері қатысты.

Саясат • 22 Сәуір, 2026

Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтерген маңызды дипломатиялық оқиға болды. Сапар барысында саяси диалогты тереңдету, экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және бірқатар инфрақұрылымдық жобаны ілгерілету мәселелері талқыланды. Осы тақырып аясында біз саясаттанушы Айсұлу Рахметпен сұхбаттасып, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы қарым-қатынастардың даму үрдістерін, экономикалық және көлік-логистикалық байланыстардың болашағын талқыладық. Сарапшы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі драйверлері мен аймақтық ықпалдастықтағы маңызына кеңінен тоқталды. Сұхбат барысында Айсұлу Рахмет тарихи-мәдени байланыстардың, сондай-ақ нақты инфрақұрылымдық жобалардың екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті. Оның пікірінше, қазіргі бастамалар ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықтың берік негізін қалыптастырады.

Саясат • 21 Сәуір, 2026

Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы

7 сәуір күні «24.kz» арнасынан танымал заңгер, Мәжіліс депутаты Марат Бәшімовтің «По закону» атты авторлық бағдарламасы берілді. Тақырып – жақында қабылданған Конституцияға сәйкес құрылатын жаңа институт Қазақстан Халық Кеңесі. Сарапшы ретінде қатысып, ойымызды ортаға салдық.

Саясат • 17 Сәуір, 2026

Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды

Израиль әскері атысты тоқтату режимін бұзып, Ливанның шекаралық Хиям қаласына артиллериялық соққы жасады. Бұл туралы ливандық NNA агенттігі жаряилады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саясат • 17 Сәуір, 2026

Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Алдағы аптада елімізде жоғары деңгейдегі дипломатиялық келіссөздер мен өңірлік маңызы бар халықаралық форумдар ұйымдастырылады. Саяси серіктестікті нығайту, экологиялық қауіпсіздік және өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады, деп жазады Egemen.kz.

Саясат • 17 Сәуір, 2026

Қаржы ұйымымен келелі келіссөз

Еліміз Дүниежүзілік банкке тұрақты экономикалық өсу мәселесіне арналған арнайы конференция өткізуді ұсынды. Вашингтонда өткен «Қазақстан рефор­малар толқынында» дөң­гелек үстелінде ел эконо­ми­касының жаңа даму бағыты таныстырылды.

Саясат • 17 Сәуір, 2026

Бейбітшілікке үндеген жаһандық саммит

Түркияның Ыстанбұл қаласында Парламентаралық Одақтың 152-Ассамблеясы өтті. Әлемнің 155 елінен делегаттар қатысқан алқалы жиында «Болашақ ұрпақ үшін үміт ұялату, бейбітшілікті нығайту және әділдікті қамтамасыз ету» тақырыбы талқыланды. Қазақстан Парламенті делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды.

Саясат • 17 Сәуір, 2026

Халықаралық шарт пен келісім мақұлданды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында депутаттар бірқатар заңды құжатты мақұлдады. Атап айтқанда, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шарт пен еліміздің Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланды.

Соңғы жаңалықтар
Фото
Яндекс.Метрика