Фотогалерея • Бүгін, 12:12

Елорданы қардан тазалауға қанша техника жұмылдырылды?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада қар тазалау жұмыстары күшейтілген тәртіпте жүргізіліп жатыр. Қала әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылдың 5 қарашасына қараған түні коммуналдық қызметтер қала аумағынан шамамен 686 текше метр, яғни 60-қа жуық ауыр жүк көлігіне тең қар шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорданы қардан тазалауға қанша техника жұмылдырылды?

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Таңертеңнен бастап қаланы қар мен көктайғақтан тазарту жұмыстарына 810 арнайы техника мен 2 700-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылған.

1

Қардан тазалау жұмыстары алдымен негізгі магистральдар мен қоғамдық көлік бағыттарында жүргізіледі. Бұдан кейін орташа қозғалысы бар көшелер, аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамалар тазаланады.

2

Астана әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарына ауа райының қолайсыз кезінде сақтық шараларын қатаң ұстанып, жолдар мен тротуарларда аса мұқият болуды ескертеді. Сондай-ақ, мүмкіндігінше ұзақ сапарлардан бас тартуға кеңес берілді.

3

Айта кетейік, 4 қараша күні қала аумағынан 1000 текше метрден астам қар, яғни 86 жүк көлігі көлемінде қар шығарылған. Сол түні қар тазалауға 374 техника мен 234 жұмысшы жұмылдырылған.

5