Фото: yuz.uz
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Омонулла Файзиевтің айтуынша, Нью-Йорктегі Бас консулдық арқылы аталған жағдайға қатысты ресми түсініктеме сұратылған.
АҚШ-та Өзбекстан футболшылары қызметтік иттердің көмегімен тексеруден өтті
Ол Өзбекстан тарапы ірі халықаралық турнир кезіндегі қауіпсіздік шараларының маңызын түсінетінін, алайда мұндай рәсімдер спорттық жарыстардың рухына кері әсер етпеуі тиіс екенін атап өтті.
Футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алып отыр. Команда K тобында Колумбия, Португалия және Конго Демократиялық Республикасының құрамаларымен кездеседі.