Фотогалерея • Бүгін, 12:50

1 000 теңгелік банкнот: шын ақшаны жалған ақшадан қалай ажыратуға болады?

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 28 наурыздан бастап айналымға енгізілген «Сақ стилі» сериясындағы номиналы 1 000 теңгелік жаңа банкноттың қорғаныш элементтерін таныстырды. Жаңа үлгідегі ақша белгісі ежелгі көшпенділер мәдениетін бейнелейтін ұлттық нақыш пен заманауи қорғаныс технологиясының үйлесімі, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 000 теңгелік банкнот: шын ақшаны жалған ақшадан қалай ажыратуға болады?

Фото:nationalbank.kz

Жаңа үлгідегі ақша белгісі заманауи баспа технологияларымен қорғалған және жалған ақша жасаудан сенімді қорғанысқа ие.

Банкноттың бет жағында алтын интаглио тәсілімен басылған жоғары бедерлі бейнелер бар. Қазақстан Республикасының елтаңбасы алтын металл бояумен ерекшеленіп, қолмен ұстағанда жақсы сезіледі.

1

Бет жақ шеттеріндегі шығыңқы рельефті элементтер көру қабілеті нашар азаматтарға арналған.

2

Сонымен қатар, банкноттың бетінде үзік-үзік түрінде көрінетін екі түсті қорғаныш жіп орналасқан. Оны жарыққа тосқанда жіп біртұтас болып көрінеді. Көлбеу бұрыш өзгерген кезде көк және қызғылт-сары түстердің өзара ауысуынан динамикалық эффект  байқалады.

3

Банкнотаның алдыңғы жағында артефакт бейнесіндегі алтын түстес голографиялық патч бар. Банкнотаны бұрып қарағанда, номиналдың сандық бейнесі ұлттық ою-өрнекке айналады.

3

Кері бетінде көлемді бейнені көрсететін Спарк элементі орналасқан: оны еңкейткенде түсі алтыннан нефрит реңіне өзгереді. Ал кейбір көркем элементтер арнайы иридисцентті бояумен басылып, алтын түстес жылтырағын береді.

4

Сондай-ақ, банкноттың ішінде жарық түскенде анық көрінетін су белгісі – электротип бар. Ол номиналдың бейнесі түрінде көрінеді және банкноттың түпнұсқалығын тексерудің ең сенімді тәсілдерінің бірі саналады.

Ұлттық Банк мамандары атап өткендей, әр азамат банкнотты қолмен ұстап, жарыққа тосып, еңкейтіп қарау арқылы шынайы ақшаны жалғанынан оңай ажырата алады.