Қоғам • Бүгін, 16:34

3 жылға сотталуы мүмкін: ІІМ тарихи ескерткіштерді бүлдіргендерге қатаң ескерту жасады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде танымал болу мақсатында табиғат пен тарихи нысандарды бүлдіру жағдайлары жиілеп кетті. Ішкі істер министрлігі мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын тағы да еске салады, деп хабарлайды Egemen.kz.

3 жылға сотталуы мүмкін: ІІМ тарихи ескерткіштерді бүлдіргендерге қатаң ескерту жасады

Мемлекет қорғауындағы жартастарға, ескерткіштерге немесе ұлттық парк нысандарына жазу жазу, оларды зақымдау – жай ғана әдепсіздік емес, бұл – қылмыс.

Вандализм үшін қандай жаза күтіп тұр?

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 294-бабына (Вандализм) сәйкес, мемлекет қорғауындағы нысандарды бүлдіргендер үшін келесідей санкциялар қолданылады:

  • 100-ден 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салу (369 мыңнан 7,3 млн теңгеге дейін);
  • Қоғамдық жұмыстарға тарту;
  • 50 тәулікке дейін қамау;
  • Бас бостандығын шектеу немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру.

ІІМ мәлімдеуінше, вандализмнің кез келген көрінісіне қатаң құқықтық баға беріледі. Тарихи мұраны сақтау – әр азаматтың міндеті.

«Заң мен тәртіп әр азаматтың жауапкершілігіне негізделген, ал мұндай құқық бұзушылықтар үшін қатаң жаза бар», делінген ресми хабарламада.

Соңғы жаңалықтар