Фото: Ашық дереккөз
Блогердің бұл бастамасы желіде лезде вирусқа айналды. Жобаның негізгі идеясы – банкрот болған Spirit Airlines компаниясын «халықтық» авиатасымалдаушыға айналдыру.
Автордың жоспары бойынша, авиакомпанияны сатып алуға қаржы қосқан әрбір қатысушы:
- Маңызды шешімдер қабылдау кезінде дауыс беру құқығына ие болады;
- Әуе билеттеріне арналған арнайы жеңілдіктерді пайдалана алады.
Жобаға деген қызығушылықтың жоғары болғаны соншалық, краудфандинг платформасының сайты келушілердің көптігінен істен шыққан. Қазіргі уақытта ұйымдастырушылар жаңа өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатты.
Желі қолданушылары бұл бастаманы «авиациядағы революция» деп бағалап жатқанымен, сарапшылар сақтық танытып отыр. Мамандардың айтуынша, авиакомпанияны сатып алу және оны басқару күрделі заңнамалық және қаржылық реттеуді талап етеді. Сондықтан бұл ерекше жобаның соңы немен аяқталары әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Spirit Airlines – АҚШ-тағы ең ірі лоукостерлердің бірі болған, алайда соңғы уақытта қаржылық қиындықтарға байланысты банкроттық туралы арыз берген болатын.
Бұған дейін Америкалық «Frontier Airlines» әуе компаниясының «Airbus A321» ұшағы Денвер халықаралық әуежайында ұшу жолағында адамды қағып кеткенін жазған едік.