Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе соңғы жаттығуларға қатысқанына қарамастан тізімге енбей қалды. Бұған сәуір айының соңында алған сол аяғының сіңір жарақаты себеп болған. Дәрігерлер жұлдызды шабуылшының денсаулығына қатысты тәуекелге бармауды жөн көрген.
Мбаппеден бөлек, «корольдік клубтың» тағы 7 маңызды ойыншысы медициналық себептермен саптан шықты: Эдер Милитао, Ферлан Менди, Дани Карвахаль, Дани Себальос, Арда Гюлер, Федерико Вальверде және Родриго Гоэс.
Бір қызығы, вице-капитан Вальвердемен жанжалдасып, 500 мың еуро айыппұл арқалаған Орельен Тчуамени құрамға енді.
Матч 10 мамырдан 11 мамырға қараған түні сағат 00:00-де (Астана уақытымен) «Камп Ноу» стадионында өтеді.