Оқиға • Кеше

Атырауда 4 адамды өлтірген күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауды дүр сілкіндірген Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты тергеу аяқталды. Күдікті тек адам өлтіріп қана қоймай, марқұмдардың малын сатып, ақшасын ұрлаған болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 4 адамды өлтірген күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ақжайық басылымының мәліметінше, айыпталушы қылмыстық іс материалдарымен танысып шыққан. Ол төрт адамды өлтіру фактісі бойынша берген жауаптарында бұл әрекетін растаған.

Сұлтан Сәрсемалиевке ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр.

Жазадан құтыла алмайды: Нұрай Серікбайды өлтірген күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті тек адам өлтіріп қана қоймай, қаза тапқан отбасының малын сатып жіберген және олардың банк карталарындағы ақшалай қаражатын жымқырған.

Жібек жолындағы қанды оқиға: Үш адамды өлтірген күдіктінің жағдайы белгілі болды

Бұған дейін Атырау облыстық прокуратурасы хабарлағандай, психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша Сұлтан Сәрсемалиев толықтай есі дұрыс деп танылған. Демек, ол жасаған қылмысы үшін заң алдында толық көлемде жауап береді.

Тағылған айыптардың ауырлығын ескерсек, күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Бұған дейін күдікті Сұлтан Сарсемалиевтың қылмысты бір уақытта емес, кезең-кезеңімен жасағанын жазған едік. Бірінші оқиға мамыр айында тіркелсе, қалған үш адам қараша айында қаза тапқан. 

Соңғы жаңалықтар