Көрме • Бүгін, 08:05

Ақтерек қорымынан табылған жәдігерлер

0 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Тарихқа өрнек салған көне жәдігерлерді зерттеу – жауапты міндет. Мемлекеттік Орталық музейде «Археологиядағы пәнаралық интеграция» деген атаумен ғылыми көрме өтіп, кейінгі жылдары ел аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмысы барысында табылған бірқатар материалдар ұсынылды.

Ақтерек қорымынан табылған жәдігерлер

Археологиялық қаз­ба жүргізу маша­қаты мол шаруа. Ал қазба жұмысынан кейін зерттеу барысы тіптен күрделене түседі. Табылған материалдың қай уақытқа, кімге тиесілі екенін, нендей ерекшелігі барын анықтау терең ізденісті қажет етеді. Мұндайда археология, генетика, трасология, палинология, тіпті ядролық физика мамандары жұмыла жұмыс істейді. Мазмұны қалың көрмеде әртүрлі жаратылыстану ғылымдарының әдістерін археологиялық зерттеу­лер­ге интеграциялау, аталған үде­рістің ғылыми практиканың да­муына әсері, адамзат тари­хын жан-жақты түсінуге қойы­ла­тын қазіргі ғылыми талаптар тұр­ғысында біраз мағлұматқа қанықтық.

п

Көрмеге қойылған жәдігер­лердің бірі 2017 жылы Алматы облысының Ақтерек ауылы (№7 жерлеу орны) маңында жүргізілген қазба барысында табылған адам сүйегі. Аталған жерлеу орнынан ертоқым және бірқатар бағалы бұйым қоса шыққан. Орталық музей мамандары табылған материалдарды монолиттік әдіспен қазып алып, Қырым Алтынбековтің зертханасына тапсырыпты. Өткен жылы мүрденің 2 тісін зерттеген Генетика институтының мамандары бұл адамның XIII–XIY ғасырда өмір сүрген әйел адам екенін, сараптамаға сәйкес аналық жағынан үйсін мен сіргелі руларына жақын екенін аңғарған. Мүрденің қасынан ертоқым, айна, сырға секілді дүниелердің табылуы заманында бұлардың жай адам болмағанын білдірсе керек.

сми

«Мүрденің қасынан табыл­ған айнада айдаһар мен ба­лықтың суреті бар. Қытай дерек­­терінде абыз, бақсы әйелдер осындай белгілерді пайда­­ланғаны айтылады. Осы жерлеу орнынан шыққан жұп алтын сырғаны зерттеп, аталған бұйымды XII ғасырға тиесілі деп тұжырымдап отырмыз. Мүмкін сырға әлгі кісіге бұрынғылардан мұра боп қалуы мүмкін. Сондай-ақ жерлеу орнынан табылған жібек мата мен ертоқым да көп нәрсені аңғартады. Археологиялық қазба барысында табылған заттық бұйымдарды зерттеуде Ядролық физика институтының ғалымдары көмек көрсетуде. Бұл өз кезе­­гінде археологиялық зерттеу­­лерде жаратылыстану ғылым­дарының әдістерін қолданудың маңызы зор екенін көрсетеді», дейді Мемлекеттік орталық музейі Археология бөлімінің жетекшісі Нәбира Төрежанова.

Сегіз ақпараттық кешен түрінде ұсынылған экспозиция­да бұдан бөлек, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы Шірік Рабад қалашығынан табылған қылыш, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сарытоғай елді мекенінен алынған еңбек құралдары, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ақтерек және Қараешкі қорымдарындағы археологиялық нысандардан табылған жәдігерлер тарихтан сыр тартады.

АЛМАТЫ

АЛМАТЫ