Фотогалерея • Бүгін, 19:44

Бозанбай көгінде бүркіт самғады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Ұлан ауданы, Бозанбай ауылында дәстүрлі «Салбурын» фестивалі өтті. Бүркітшілердің биылғы тойына құс көтергендер елімізден бөлек сонау Қытай, Ресей, Испания, Мажарстан, Моңғолия, Қырғызстаннан келді, деп жазады Egemen.kz.

Бозанбай көгінде бүркіт самғады

ф

Бүркіт тойына келгендер теңге ілу, жамбы ату сынды ұлттық спорт түрінен де сайысқа түсті. Қырыққа жуық киіз үй тігіліп, қазан көтерілді. Ақ дастархан жайылды.

фҚұсбегілер жарыс шарты бойынша баптаған қырандарын қолға шақырды, шырғаға салды. Одан іріктелгендері қоянға түсті.

фҚолөнер шеберлерінің көрмесі де өтті.

фБозанбайдың желке тұсындағы Бүркіт төбеге жиналған жұрт мәре-сәре, арқа-жарқа.

фОблыс басшысы Нұрымбет Сақтағановпен бірге Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов та келді. «Құсбегілік» федерациясының вице-президенттері Бағдат Мүптекеқызы мен Жанжігіт Омархан да осы ортадан табылды.
фТақымды жігіттер асауға құрық салып та бақ сынасқан.

фЖиналған жұртшылыққа қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары Кенжебек Жанәбілов, Досымжан Танатаров сынды әншілер мен «Алатау серілері» тобы әннен шашу шаты.

фФестиваль қорытындысы бойынша ителгі сайысынан Ақмоладан ат арытып келген Ерлан Кенжетаев жеңіске жетсе, қаршыға және бүркіт сайыстарында Алматыдан келген Өмірхан Баетбай бірінші орынды қанжығаға басты. Жүлдегерлердің барлығы ақшалай сыйлыққа ие болды.

ф

Шығыс Қазақстан облысы