Taza.kz
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1324 материал табылды

Ғылым • Кеше

Су сүзгілері өндіріледі

Ғылым саласында жылжу бар. Әттеген-ай дейтініміз, ашылған жаңалықтар зертхана үстелінде ғана қалып қойып жатқан көрінеді. Оған себеп, өндіріс ошақтары кемшін. Күні кеше Сәрсен Аманжолов университетінің физика-математика корпусында ғылыммен айналысып жүрген азаматтардың еңбектерін көзбен көрдік. Бүгінгі қоғамға қажет дүниелер шығарып жатыр. Тіпті су сүзуге арналған үш секциялы сүзгілерін патенттеп те алған.

Өнер • Кеше

Комикс суреттер сұранысқа ие

Күнұзақ шағын шеберханасында уақыт өткізетін суретші қыздың шығармашылық бағы­ты өзгеше. Майлы бояуды кенеп бетінде ойнатып, картина жазуды емес, ертегі желісі бойынша иллюстрация салғанды ұнатады. Кішкентай балаларға арналған кейіпкерлердің кескін-келбетін келістіре жазады. Кей­де өзі де ертегі құрастырып, оны түрлі-түсті суретпен әрлейді.

Еңбек • Кеше

Халыққа жылу сыйлаған

Қоғамның күнделікті тыныс-тіршілігі көзге көріне бермейтін, бірақ үздіксіз атқарылатын еңбектің арқасында алға жылжиды. Өндіріс саласында маңдай терін төгіп, нақты нәтижемен өлшенетін жұмысты абыроймен атқарып жүрген азаматтар – ел дамуының берік тірегі. Солардың бірі – «Өскемен ЖЭО» ЖШС орталықтандырылған жөндеу цехында химиялық су тазалау шебері қызметін атқаратын Дархан Мұсабаев.

Құрылыс • 01 Сәуір, 2026

Енді Катонқарағайға ұшақпен жетесіз

Алып әуе кемелерін қойып, автобус бұрылмайтын Өрнек ауылының тұсында халықаралық әуежай салынып жатыр. Бұл – ауданның ғана емес, Шығыстағы туризмнің дамуына серпін беретін үлкен жоба. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған әуежайдың іргетасы Зайсан, Катонқарағайда былтыр наурызда қалана бастады. Бүгінде Катонқарағайдағы әуежай құрылысының 52%-ы аяқталып үлгерген.

Білім • 31 Наурыз, 2026

С.Аманжолов университеті ғылымды дамытуға ерекше ден қойған

Осы күнге дейін білім беру сапасын арттыру, еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлау, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту мәселелері күн тәртібінен түскен жоқ. Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев университеттер тек білім берумен шектелмей, инновация мен ғылыми ізденістің орталығына айналуы тиіс екенін ерекше атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 27 Наурыз, 2026

Шығысқа казино қажет пе?

Шетелдік туристерге арналған ойын бизнесі аймақтары Марқакөл мен Зайсан аудандарында құрылуы мүмкін дегенді естіген елдің пікірі сан-саққа жүгірген. Десе де, қазір бұл жоба мемлекеттік деңгейде талқыланып, казино тұрғызатын орындар қарастырылып жатыр. Ендігі сұрақ: құмар ойын-сауық орталығы ашылған жағдайда өңір экономикасына, жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайына тигізер әсері қалай болар екен?

Наурызнама • 21 Наурыз, 2026

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылған іс-шаралар легі Өскеменде жалғасып жатыр. Кеше Арбатта «Jan ana» көп­балалы аналар қоғам­дық бірлестігінің ұйым­дастыруымен ұлттық салт-дәстүр дәріптеліп, мерекелік концерт болды.

Өнер • 21 Наурыз, 2026

Шапандар шеруі

Осыдан төрт-бес жыл бұрын шығар, шапан кигендер ерекше­леніп көрінетін. Оюлы шапанды Наурызда бір киеміз деген секілді әзіл-шыны аралас пікір де жиі айтылар еді. Қазір өзгерді. Руханият пен мәдениеттің діңгегі бекіп келеді. Басқа жақты білмедім, Шығыста оюлы киім сәнге айналды. Өскемендегі атшаптырым сауда үйлерінің бірінде ұлттық киім шеруі ұйымдастырылып, салтанатты шапандардың дефилесі өтті.

Қоғам • 18 Наурыз, 2026

Парапланды тізгіндеген

Көк жүзінен ағараңдаған параплан ағындатқан күйі Шешек асуындағы жазыққа қонды. Әскери ардагер ұшқыш Николай Петинцев референдум учаскесіне дауыс беруге келе жатқан беті екен. Дереу парапланын жинастырды да, өзіне тиесілі учаскеге қарай асықты.

Аймақтар • 16 Наурыз, 2026

Университет ұлттық киімді ұлықтады

Таң сәріден Сәрсен Аманжолов университетінің ұжымы мен студенттері ұлттық киім киіп, Өскемендегі 81-учаскеде өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика