
Аймақтар • 22 Тамыз, 2025
Полицейлер балаларды цифрлық қауіпсіздікке үйретті
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері кәмелетке толмағандар арасында киберқылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. Оқушылармен кездесулер цифрлық сауаттылық пен интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған түсіндіру науқаны аясында өткізіліп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2025
Күні кеше Батыс Алтайдың баурайында бал мерекесі тойланды. Аймақта мың түрлі гүлден сан түрлі бал жинайтын араның он мыңнан астам ұясы бар. Оның отыз пайызға жуығы асыл тұқымды ара деседі ауыл шаруашылығы мамандары. Бүгінгі омарташылардың фестиваліне еліміздің ғана емес, көршілес Ресейдің де балдан бұлақ ағызған омарташылары келді.
Экология • 20 Тамыз, 2025
ШҚО ормандарын өрттен қорғау шаралары күшейтілді
Шығыс Қазақстан облысында орман қорының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді. Жыл басынан бері жалпы аумағы 192,8 гектарды қамтыған 14 өрт тіркелген. Оның 5,1 гектары орманды жерлер. Бұл туралы ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мерхат Әміров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2025
ШҚО-да ветеринарларға жаңа көлік берілді
Шығыс Қазақстанның ветеринарлары жаңа қызметтік автокөліктердің 113 кілтін алды. Салтанатты жағдайда кілттерді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов табыстады. Өңірде 500-ден астам маман мен 110 ветеринарлық мекеме жұмыс істейді. Айта кетсек, автокөлік 12 жылда алғаш рет жаңартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Өскеменде АЭС мамандары даярланады
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде 2025-2026 оқу жылынан бастап «Атом электр станциясын пайдалану» атты жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылады. Бұл бағдарлама Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) сарапшыларының қатысуымен әзірленіп, еліміздегі алғашқы атом электр станциясына қажетті жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 06 Тамыз, 2025
Күршімге көпір түскелі аудан азаматтарының облыс орталығымен алыс-берісі артып, кәсіптері кеңейе түскен. Одан бөлек, ауызсу, жылу секілді әлеуметтік мәселелерді шешудегі жұмыс қарқыны да күшейген. Туризм түрленіп, ірі жобалар жоспарға алына бастапты. Жуырда Күршімге баспасөз туры ұйымдастырылып, бір топ журналист ауданды араладық, көргенімізді көңілге түйдік.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2025
Өскеменде ірі логистикалық фармацевтика хабы ашылды
Шығыс Қазақстан өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін орнықты әрі жоғары технологиялық талапқа сай дамытуда маңызды қадам жасалды. Кеше Өскеменде «Медсервис Плюс» компаниясының заманауи фармацевтикалық логистика хабы ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Шілде, 2025
Облыс әкімдігінде Металлургтер күніне орай мерекелік жиын өтті. Салтанатты шара барысында өңірдегі металлургия саласының қарыштап дамуына сүбелі үлес қосқан сала ардагерлері мен үздік мамандар марапатталды.
Қоғам • 17 Шілде, 2025
Өзінен бұрын бізге есімі таныс-тұғын. Газет-журналдардан карикатура авторы Айдарбек Ғазизов дегенді жиі оқыр едік. Ақиқаттың ащысын жауынгер жанрмен жеткізіп жүрген автордың суреттерін таңғала парақтайтынбыз. Ұшқыр қиял, астарлы әзіл, жинақы сурет. Таңдай қақтырмай қоймайды. Еңбегімен есімі елге таныс карикатурашы жуықта ұстазы Уәш Ақаеваның құрметіне көрме өткізуді ойластырып отыр.
Туризм • 09 Шілде, 2025
Қаланы қақ жарып жатқан Ертіс өзенімен Көк туымызды желбіретіп іркес-тіркес кемелер кетіп барады. Өскемен – бел-белестің, жосылған жота-жотаның ортасында жатқан көрікті мекен. Көрікті мекеннің күретамырындай Ертіс пен Үлбі жылыстайды. Сулы өңір болғанымен, кемелердің шеруі қырық жылдан бері, міне бүгін бірінші рет ұйымдастырылды.