Аймақтар • Кеше
Оқушылар садақ атудан сынға түсті
Шығыста алғаш рет садақ тартудан «Жас мерген» теле турнирі ұйымдастырылды. Тартысты турнирге облыстың мектептерінен жиналған оқушылар қатысты. Садақшылар сайысқан іс-шараның салтанатты ашылуына аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов да келді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Қазан, 2025
Жас кәсіпкер тың бастамасына мемлекеттен қолдау күтеді
Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының тұрғыны, үнемі тың идеяға жақын жүретін Аяжан Қуатбекқызы балабақша бүлдіршіндеріне түрлі ойыншық жасауды қолға алған. Балаларға ғана емес, шағын цехтан күнделікті тұрмысқа қажет былғары бұйымдар да шығарып жатыр. Айта кетерлігі, әр жасаған дүниесінен қазақы иіс аңқып тұрады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қазан, 2025
Шығыста жылу жүйесіне күн энергиясы технологиялары енгізіліп жатыр
Ұлан ауданының Таврия ауылында инновациялық күн энергиясымен жылыту жүйесі іске қосылды. Бұл тың жоба жергілікті хосписте жүзеге асырылып, өңірде энергия үнемдейтін әрі экологиялық тұрғыдан таза технологияларды дамытуға бағытталған бағдарлама аясында қолға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2025
Шығыста Достық үйінің жаңа ғимараты бой көтереді
Өскеменде Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Достық үйлерінің І республикалық конгресі басталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2025
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Маралды ауылында белгісіз себептен ірі қара мал өле бастаған. Тұрғындардың айтуынша, олардың барлығы алтын фабрикасының маңында жайылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Қыркүйек, 2025
Оперетта театрында «Mamma mia!» сахналанды
Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры жаңа маусымды әйгілі «Mamma mia!» қойылымымен бастады. Көпшілікке белгілі спектакльге көзі қарақты көрерменмен бірге облыс басшылығы да келді. Айта кетейік, вице-премьер министр Ермек Көшербаевтың бастауымен құрылған оперетта театрының жұмысы жандана түскен, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2025
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері 18 жастағы азаматты ұстады. Ол мессенджер қолданушыларының аккаунттарын бұзды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 28 Тамыз, 2025
Республикалық прозашылар байқауының жеңімпаздары марапатталды
Өскеменде жазушы, драматург Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына орай республикалық әдеби байқаудың марапаттау салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 27 Тамыз, 2025
Шығыста күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
1-қыркүйектен 31-желтоқсанға дейін Шығыс Қазақстан облысында күзгі әскерге шақыру науқаны жүреді. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға сәйкес мерзімді әскери қызметке 18-бен 27 жас аралығындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатылуға негізі жоқ ер азаматтар шақырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2025
Полицейлер балаларды цифрлық қауіпсіздікке үйретті
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері кәмелетке толмағандар арасында киберқылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. Оқушылармен кездесулер цифрлық сауаттылық пен интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған түсіндіру науқаны аясында өткізіліп келеді, деп жазады Egemen.kz.