Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1207 материал табылды

Аймақтар • 20 Наурыз, 2025

Өскемен жаңа жұмыс кестесіне көшті

Қала әкімінің орынбасары Ирина Смит 2025 жылдың 20 наурызынан бастап, қалада мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдар үшін жаңа жұмыс кестесі күшіне енетінін атап өтті.

Дәстүр • 20 Наурыз, 2025

Құсбегі Айзере

Бозала таңнан тіршілігі қайнап жататын Бозанбай ауылы көгінен қай заманда да қыран құстың саңқылы кетпеген берекелі де мере­келі мекен. Бүркітшілердің жыл сайынғы дәстүрлі додасы да осы ауылдың төңірегіндегі төбеде өтеді. Сол сайыстар­дан кіш­кентай Айзере бірде-бір рет қалып көрген емес. Құсын кө­те­­ріп нөпір халықтың ортасында жүреді. Бүркітті сәнге бақ­пай­­ды, сайысқа баптайды. Ең бастысы, ата дәстүрді жалғап келеді.

Өнер • 19 Наурыз, 2025

Ұлттық өнер ұлықталды

Өскеменде жұмысшы мамандықтарының жылына орай «Ғасырлық дәстүрлер» атты кілем тоқу және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының алғашқы республикалық фестивалі өтті. Бұл – еліміздегі рухани өнердің дамуына сеп болатын үлкен іс-шара.

Айтыс • 12 Наурыз, 2025

Алтайда айтыс өтті

Халық айтысқа әбден сусапты. Әйгілі жазушы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына орай Өскеменде өткен жыр додасына жиналған жұртта қисап болмады. Облыстық филармонияның 700 орындық залы лық толды. Ішке сыймаған жұрт тыста тұрып тыңдады. Көрермен қол соғып, қиқу қосқанда ақындар да арқалана түскен. Иә, бұл күні айтыс сүйер қауымның айызы бір қанды.

Аймақтар • 11 Наурыз, 2025

Шығыста Ақтан Нұрбаев атындағы ақындар мектебі ашылды

Биыл Алтайдың арда ұлы, қазақтың классик жазушысы, драматург Қалихан Ысқақтың 90 жылдығы мен белгілі жазушы, сара сөздің шебері Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдық мерейтойлары қатар келіп отыр. Осы атаулы күндерге арналған облыс көлеміндегі іс-шаралар легі бүгін өлкемізге танымал айтыскер ақын, Катонқарағайдың талантты тумасы Ақтан Нұрбаев атындағы Шығыс Қазақстан облыстық ақындар мектебінің ашылуымен басталды. Ақтан Нұрбаев Кеңес дәуірі кезеңінде өңірімізде айтыс өнерін дамытуға ат салысқан белді ақын, деп жазады Egemen.kz.

Әдебиет • 07 Наурыз, 2025

«Таганкадағы» тозақ

Уақыттың аса қымбат екенін сезінген адам әр сәтін, әр минутын құр босқа жібермеуге тырысады. Оның өзінде біреулер бар, уақытты материалдық дүниемен өлшейді, енді біреуіне жан ләззаты құнды. Ол хақында көсілсек, газеттің айқарма беті аздық етер.

«Таза Қазақстан» • 06 Наурыз, 2025

Қоршаған ортаның жас қамқоршылары

Жайқалған жасыл көшет­тер әуеліде, балғын күйінде ыдысқа отырғызылып, тамырланғанша күтіп-бапталады. Мұндай жұ­мыс­қа қазір орманшылар ғана емес, мектеп оқушы­лары да тартылып жүр. Бұл да болса – «Таза Қазақстан» жалпыха­лықтық акциясы аясында атқарылып жатқан игілікті шараның бірі.

Ауыл • 05 Наурыз, 2025

Ормандағы отыз үй

Адырдың арғы жағы қалың қарағай. Ұшы-қиыры жоқ қылқанды орманның арасында отыз шақты үй отыр. Өскемен – Самар бағытындағы күре жолдан төрт-ақ шақырым жердегі бұл ауыл тұрғын­дарының жалғыз-ақ тілегі – ауыл мәртебесін алу. Әйтпесе, не кар­тада, не тізімде жоқ. Жиырмадай гектар жерді орман шаруа­шылығы жерінен шығарып, әкімшілік аумаққа өткізсе жөн болар еді.

Байқау • 05 Наурыз, 2025

Кілем тоқып, оюды оқып...

Өскеменде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Ғасырлық дәстүрлер» атты кілем тоқушы шеберлердің арасында республикалық байқау басталып жатыр. Кілем тоқу – қазақ халқының ең көне қолөнерінің бірі. Осынау ата дәстүрді жаңғырту мақсатындағы шараға еліміздің кіл мықты қолөнер шеберлері жиналады.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2025

Өскеменде «Workshop алаңы» ұйымдастырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшылардың беделін арттыру және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау мақсатында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған. Осыған орай Өскемендегі «Мамандығым – Мақтанышым» Workshop алаңы мектеп оқушылары, студенттер, колледждер, жоғары оқу орындарының өкілдері мен облыс кәсіпорындарының басын қосқан бірегей шараға айналды, деп жазады Egemen.kz.