Аймақтар • Бүгін, 17:50

Риддерде жыл бойы жұмыс істейтін демалыс кешені ашылады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы жылдары Риддер қаласында «Анатау» шаңғы кластерін құру жобасы жүзеге асырылады. Бұл жоба – Шығыс Қазақстандағы қысқы және экстремалды туризмнің жаңа түрі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Риддерде жыл бойы жұмыс істейтін демалыс кешені ашылады

Суретті түсірген автор

Жобаны дайындауда Риддер қаласы әкімдігінің, облыстық салалық басқармалардың өкілдері және Швейцарияның Bartholet Maschinenbau AG компаниясы мамандары қатысқан жұмыс сапары мен кеңесі өткізілді. Мамандар Батыс Алтайдың тау шаңғысына жарайды-ау деген тұстарын зерттеді.

Аэрофототүсірілім материалдары дайындалып, жобалау үшін барлық бастапқы деректер жиналды. Учаскелердің болжамды шекаралары анықталып, кейбір жерлерді мемлекеттік орман қоры құрамынан шығару мәселесі қарастырылды. Бағалау нәтижелері бойынша екі аумақты кешенді дамыту ұсынылды.

Қошқарбай асуындағы учаске тау шаңғысы мен жалпы туризмге бағыттаса, ендігі бір тау сілемі экстремалды туризмге бағытталады деген тоқтамға келді.

«Аумақтарды біртұтас инфрақұрылымдық жүйеге біріктіру мүмкіндігі де қарастырылып жатыр. Алынған материалдар жобаның тұжырымдамасы мен техникалық шешімдерін әзірлеу үшін Швейцария компаниясына тапсырылды», деді Риддер қаласының әкімі міндетін атқарушы Қаныбек Төлеухан.

«Анатау» жобасы іске асқанда, Риддерде заманауи жыл бойғы туристік кластер пайда болып, қысқы, жазғы да демалыс түрлері көбейеді. Осылайша, Риддер Шығыс Қазақстандағы экологиялық туризмнің жаңа орталығына айналады.

 

Риддер