Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1285 материал табылды

Аймақтар • Кеше

Өскеменде Жақсылық Үшкемпіров пен Оралхан Бөкейге көше берілді

Облыс орталығында 13 көшеге ресми түрде жаңа атау берілді. Бұл туралы Өскемен әкімдігі мәлім етті. Енді барлық ресми құжаттарда, хат-хабар мен мекенжайларда тек жаңа атаулар қолданылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • Кеше

Шекара шебіндегі Шіліктіге интернет жетті

Зайсан ауданының Шілікті ауылына интернет жетті. Алтын адам шыққан тарихи мекеннің тұрғындары бұл күнді көп күтті. Енді ауыл халқы ұялы байланысқа емін-еркін қосылып, интернеттің игілігін көретін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • Кеше

Тарбағатайда жаңа өрт сөндіру бекеті ашылады

Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылындағы өрт сөндіру бөлімшесіне жаңа ғимарат салынады. 1985 жылы іргесі қаланған қазіргі ғимарат тозып, апатты жағдайда тұрған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өндіріс • 10 Қаңтар, 2026

«Шыны мақтадан» табыс тапқан

Мұндай алып ыдыстар Шығыстан шығып жатқанын жұртшылық біле бермейді. Түрлі мақсатта пайдаланатын бөшке тәрізді жүздеген кубтық құтыларда су да сақтайды, жанар-жағар майға да пайдаланады. Сыртқы пішініне қарап, құрыштан құйылған дейтін шығарсыз. Алайда бұл шыны тәрізді мақтадан жасалған. Кәсіпкер ә дегенде мұндай ыдыстарды Ресей мен Беларусьтен жеткізіп, саудалап жүрген. Кейін дайындалу тәсілін зерттеп, Өскеменде өндіре бастады.

Экономика • 30 Желтоқсан, 2025

Майдың сапалысы Өскеменде өндіріледі

Күзге салым шығыстың бел-белесінде күнбағыс гүлі ұшы-қиырсыз жайқалып тұрады. Шаруалар оның белгілі бір бөлігін экспортқа шығарса, енді бірі елде қалады. Облысымызда «Янтарь» ЖШС кәсіпорнында майын сығып, дәнін үгіп, халва жасайды, сұйық май тартады, бұл өнімге сұраныс та жоғары. Облысымыз өсімдік майын өндіру бойынша елімізде көш бастап тұрғанын да айта кету керек. Жалпы, май өнеркәсібінде өңдеу қуаты 959 мың тоннаға жуық, 13 кәсіпорын жұмыс істейді.

Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2025

Жұмысшы еңбек адамдары ардақталды

Білесіздер, 2025 жылды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы еңбек адамдарының жылы» деп жариялаған. Содан бері жыл көлемінде еңбек адамдарына деген ерекше ілтипат, құрмет көрсетіліп келе жатыр. Бұрын-соңды елене бермеген жұмысшы мамандарға көңіл бөлініп, көкке көтеріп жатырмыз. Бүгін Шығыста соның қорытындысы шығарылып, озат еңбеккерлер алғыс арқалады. 

Жәдігер • 25 Желтоқсан, 2025

Ақжайлаудың алтыны

Осыдан үш жыл бұрын Марқакөл ауданына қарасты Ақжайлау ауылы маңында «Сақ элитасының қорымын зерттеу» тақырыбында профессор, археолог Зейнолла Самашұлының жетекшілігімен қазба жұмысы басталған.

Өндіріс • 17 Желтоқсан, 2025

Шығыста толық циклді май зауыты іске қосылды

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Өскеменде «ALTAI MAI» толық циклді май экстракциялау зауыты іске қосылды. Бұл ірі өндірістік нысан болашақта елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және экономикалық тұрақтылықты арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2025

Жанға жайлы Жанұзақ

Осы біздің Шығыста береке-бірлігі жарасқан, бір-біріне қарас­қан ауыл қайсы десең, Жанұзақ емес пе дейді көбісі. Қай­бір жылы дүкенінде ащы сусын сатылмайды деп, көпке үлгі еткеніміз де бар. Ішімдік ішу-ішпеуін індете зерттей қоймадық, бірақ ауылдың ерек­шелігін барғанда көрдік: үй-үйдің арасында қоршауы жоқ, айрандай ұйыған ел.

Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2025

Шаңғы маусымы ашылды

Шығыста жыл он екі ай бойы туризм саласы толастамайды. Ел ала жаздай тау-тас аралап, өзен жағаласа, қыс қызығы – сырғанақ. Кейінгі күндері қар молынан түсіп, Өскемен қаласының іргесіндегі демалыс базасында шаңғы тебу маусымы ашылды. Салтанатты жиынға Қытайдан да туристер келді.

Яндекс.Метрика