Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1207 материал табылды

Аймақтар • 04 Наурыз, 2025

ШҚО-да ауыл медицинасын жаңғырту жалғасып жатыр

Шығыста «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында соңғы екі жылда 35 медициналық нысан салынып, жаңғыртылды. Олардың қатарында дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және медициналық пункттер бар. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Қапанова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 01 Наурыз, 2025

Өскеменде Ассамблеяның 30 жылдығына арналған ескерткіш тақта ашылды

1 наурыз күні Өскемендегі Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл маңызды оқиға ел бірлігі мен этносаралық ынтымақтастықтың символына айналып, ұлттық құндылықтарды ұлықтау жолындағы тағы бір айшықты белес болды.

Ғылым • 26 Ақпан, 2025

«Казцинк» техникалық университетте ғылыми сессия өткізді

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Қазақстан Республикасының тау-кен өндіруші кәсіпорындарының ғылыми-технологиялық дамуы» тақырыбында маңызды ғылыми-техникалық сессия өткізілді. Бұл шара Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Казцинк» ЖШС қолдауымен ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» • 26 Ақпан, 2025

Айнадай жарқ етті айнала

Өткен жылы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экология­лық акциясы жер-жерлерде жоғары қарқынмен жүргізілді. Тонна-тонна қоқыс шығарылып, аймақ, аудан, аула, көшелер абаттандырылды, жайқалған көшеттер егілді.

Еңбек • 21 Ақпан, 2025

Бұғышы Қуан

Төрт түлігін өргізіп отырған Алтай өңіріне бұғы жануары да бөтен емес. Сарғыш тартқан көне кітаптарда мүйізі құнды жануарды ертеректе, ХІХ ғасырдың басында ескі дін ұстанушылар қолға үйрете бастаған деп жазады. Тіпті тереңнен тартсақ, түркілер екі-үш мың жыл бұрын бұғыны шанаға жегіп, шаруашылыққа пайдаланған екен. Ата дәстүрді Катонқарағайда жалғап, жаңғыртып келе жатқан бірнеше шаруашылық бар. Қарапайым бұғышы Қуан Босхомжиев солардың бірінде еңбек етеді.

Поэзия • 21 Ақпан, 2025

Жұртты баураған поэзия жанкүйері

Әдебиет пен поэзиядан хабарыңыз бар ма, жоқ па – қасыңызға келіп, аз-кем ілтипат танытып, өлең оқи жөнелетін адамды көріп пе едіңіз? Әсіресе Мұқағалидың, Қасым Аманжоловтың өлеңдерінен төгілтеді. Орыс этносының өкілі жолықса, Сергей Есениннен қайырады. Орта бойлы, таңқы танау, мығым денелі Ерасылды Өскемен өңірі ғана емес, былайғы жұрт та әлеуметтік желі арқылы жақсы таниды. Өлең оқу стилі де ерек.

Қоғам • 21 Ақпан, 2025

Балықшылар жарысы

Самар ауданында туризмді дамыту мақсатында қысқы балық ­аулаудан жарыс өтті. Самар Ертістің жағасын жайлаған аудан болғанымен, мұз үстінде балық аулау сайысы мұнда бірінші рет ұйымдастырылған. Ересектермен бірге мектеп оқушылары да мұз ойып, қармақ салды.

Аймақтар • 20 Ақпан, 2025

Қабаған иттен қалай құтыламыз?

Ауылдық жер былай тұрсын, қаланың қақ ортасында иесіз иттер қаптап кетті. Бұл мәселе кейінгі жылдары тіпті күр­­делене түскен. Себебі ит атуға заңмен тыйым салынған. Был­­тырдың өзінде өңірде 1 200 адамға ит шабуылдаса, одан бұрын ­2 000 адамға иттің тісі батқан. Соның өзінде қолдан келер қайран жоқ.

Талбесік • 15 Ақпан, 2025

Қанаттылар қорғаны

Көзге көріне бермейді ғой. Әйтпесе, Алтайдың қойын-қолат, орман-тоғайын 305 құстың түрі мекен етеді екен. Оның 28 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген. Катонқарағай Ұлттық мемлекеттік паркі аумағындағы бұл құстарды орнитолог, фотограф Владимир Воробьевтің зерттеп жүргеніне неше жылдың жүзі болды.

Жәдігер • 11 Ақпан, 2025

Музей төріндегі ерекше жәдігер

Облыстық өлкетану мұражайы – өңіріміздің бай тарихы мен мәдени мұрасын сақтап отырған бірегей орталық. Бұл мұражайда сақ дәуірінен бастап, көне түркі кезеңіне, Қазақ хандығы мен кеңес дәуіріне дейінгі тарихи жәдігерлер жинақталған. Соның ішінде Елеке сазы қорымынан табылған алтын бұйымдардың алар орны ерекше.