Білім • 12 Сәуір, 2025

Егемен көтерген мәселе: Жаңа Бұқтырмада жаңа мектеп ашылды

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алтай ауданы, Жаңа Бұқтырма кентінде жаңа қазақ мектебі ашылды. Салтанаттты шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Егемен көтерген мәселе: Жаңа Бұқтырмада жаңа мектеп ашылды

Бұған дейін қазақ мектебінің оқушылары тозығы шыққан балабақша ғимаратында оқып келген. Ол мәселе осыдан төрт жыл бұрын “Egemen Qazaqstan“ газетінде көтеріліп, жаңа мектеп құрылысының жұмыстары дереу қолға алынған.1

Кентте бүгінде 4207 адам тұрады, туризм мен инженерлік инфрақұрылым дамып келеді. Бүгін мұнда жалпы ауданы 10775 шаршы метр мемлекеттік тілде білім беретін 200 оқушыға арналған №1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі ашылды. 

- Мемлекет басшысы білім деңгейі бүкіл ел бойынша тең болуы тиіс екенін Айтқан. Ал бұл жаңа, заманауи мектеп – ұрпақты тәрбиелеу мен сапалы білім беру жолындағы үлкен қадам. Осы білім ошағында еліміздің болашағын қалыптастыратын саналы, білімді де білікті азаматтар түлеп ұшатынына сенімдіміз, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

1Облыс әкімінің айтуынша, оқу жағдайын жақсарту және оқу орындарының тапшылығын азайту мақсатында өткен жылы облыста 10 жаңа мектеп салынған. Олардың жетеуі пайдалануға берілді, екеуі Тарбағатай ауданында оффшорлық келісім-шарттар бойынша салынды. Биыл тағы 13 мектеп салу жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда Жаңа Бұқтырмада 114 оқушы білім алып жатыр. Мектепке дейінгі мекемелерде 129 бала болса, олардың 33-і биыл 1-сыныпқа барады.

Баса айта кетерлігі, мектеп ұстаздары мен оқушылары «Egemen Qazaqstan» газетіне ризашылықтарын білдірді.

Шығыс Қазақстан облысы,

Алтай ауданы