Ауа райы • Бүгін, 17:53

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Фото: Ашық дереккөз

9 мамырда елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 10-11 мамыр күндері шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауылдар болжанған. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Ел аумағында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі. 11 мамырда республиканың солтүстік жартысында түнгі уақытта 1-6 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.

Күндізгі ауа температурасы:
батыста +13…+28°С;
солтүстік-батыста +10…+18°С;
солтүстікте +5…+13°С;
орталықта және шығыста +8…+18°С;
оңтүстікте +17…+26°С;
оңтүстік-шығыста +15…+22°С;
таулы аудандарда +8…+13°С болады деп күтіледі.

Соңғы жаңалықтар