Қоғам • Бүгін, 10:50

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1945 жылғы 9 мамыр – қарулы қақтығыстан қажыған жұрт­тың жүрегіне үміт отын жаққан, тыныш өмір шапағатын сыйлаған күн. Тарих бетінде бұл дата бейбітшіліктің бастауы саналады. Содан болар осынау 9 мамыр күні дүние есігін ашқан талай сәби Жеңіс есімін иеленіп келеді. Қазірдің өзінде елімізде мұндай ­
18 мыңнан аса отандасымыз бар.

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Осыдан 26 жыл бұ­рын атаулы күнде отба­сының қуанышын еселей түскен жанның бірі – Жеңіс Жоламанұлы. Қос мерекені бө­ліп жармай қатар тойлау оның бала кезгі әдеті. Бүгінде Жеңіс Атырау облысы ТЖД қалалық №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде бөлімше ко­мандирі қызметін атқарады. Өмір­дегі жетістіктері, биік мақ­саттары атына тікелей байланысты екенін айтады кейіпкеріміз.

– Махамбет ауданы Сарайшық ауылының тумасымын. Атам бұл есімді маған батырлықтың, табандылықтың, жігер мен рух­тың белгісі ретінде аманат етті. Есейіп, ержеткен соң оның мән-маңызын тереңінен түсіне бастадым. Бұл – бір жағынан еркіндік жолында жанын қиған майдангерлерге деген мәңгілік тағзымның көрінісі. Екіншіден, атыма сай жауапкершілік жүгі. Сол себепті қай салада еңбек етсем де, қай істі қолға алсам да алдыма мақсат қойып, табандылықпен жетуге тырысамын, – деді Ж.Жоламанұлы.

па

Ұлттық статистика бюросы берген дерекке сүйенсек, бүгінде елімізде нақты Жеңіс есімімен 3 300 азамат тіркелген. Ал «-нұр», «-хан», «-ғали», «-келді», «-бек» сынды неше түрлі тіркесі бар барлығы 15 116 адам бар. Сондай-ақ Победа деген есіммен 21 адам өмір сүріп жатыр.

Халық қаһарманы, аты аңызға айналған баһадүр Бауыржан Момышұлының құрметіне 43 534 отандасымызға Бауыржан есімі берілген. Ал ерлігімен ел есінде қалған Рақымжан атын 1 078, Қасым атын 3 938 отандасымыз иеленген.

Қазақтың қаһарман қыздары – Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдері де ұлт жүрегінде. Бүгінде республика аумағында Әлиялардың саны 66 мыңнан асып жығылады. Ал Мән­шүк атты 1 173 қыз-келіншек бар. Сол бір отты жылдардан есімі ұр­паққа аңыз боп жеткендердің қата­рында Мәлік Ғабдуллин, Талғат Би­гел­­динов, Хиуаз Доспа­нова да бар.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15