Өшпес даңқ • Бүгін, 13:05

Семейде ардагерлерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 мамырда Абай облысының әкімі Берік Уәли мен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы полковник Руслан Омаров соғыс ардагерлері Әбдіғали Қаймолдин мен Иван Шевцовты құттықтап барды, деп жазады Egemen.kz.

Семейде ардагерлерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Фото: gov.kz

Жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі үшін ардагерлерге ризашылығын білдірген Берік Уәли оларға мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді.

Майдангерлерге мерейтойлық медальдар, бес миллион теңгенің сертификаты және облыс әкімдігінің арнайы сыйлығы табыс етілді.

Аа

«Ұлы Жеңісті жақындатқан ардагерлердің бәріне ризашылығымды білдіргім келеді. Бүгінгі бейбіт күніміз үшін сіздерге мың алғыс», деді Берік Уәли.

Қорғаныс министрі атынан ардагерлерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Руслан Омаров табыстады.

Ал Ұлттық ұлан 5511 әскери бөлімінің әскери оркестрі соғыс жылдарындағы әуендерді орындады.

Әбдіғали Қаймолдин 1921 жылы Семей облысының Абралы ауылында дүниеге келген. Жиырма жасында өз еркімен майданға аттанды. Ол Сталинград, 1-ші Украина, 1-ші Беларусь және 3-ші Балтық майдандарында шайқасты. Қызыл Жұлдыз, I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Аа
Иван Шевцов 1926 жылы дүниеге келген. 18 жасында Қызыл Армия қатарына шақырылды. Еуропа елдерін азат етуге қатысты. II дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15