Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Аталар дәстүріне адалдық

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының ұйымдастырумен,  Ақмола облысы Қосшы қаласында Жеңістің 80 жылдығына арналған «Аталар дәстүріне адалдық» атты мәдени-ағартушылық жобасының ашылу салтанаты өтті, деп жазады Egemen.kz.

Аталар дәстүріне адалдық

Мәдени шараның мақсаты – жас буынға елімізтарихындағы айшықты оқиғалардың маңызын ашып көрсету және ұлттық рухани құндылықтарымыз бен мәдени мұрамызды насихаттауға, көрнекті тарихи тұлғалардың жасампаз істерін өскелең ұрпақ бойында сіңіру екен.

Жиынды ашып көпшілікке бас қосудың маңызы хақында түсінік берген Президенттік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова: «Біз Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шараға жиналып отырмыз. Сонымен қатар Қосшы ауылының тумасы Рахымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа Жеңіс туын тіккеніне тура 80 жыл толып отыр. Батыр атамыздың ерлігін ұмытпай жадымызда сақтау – біздің парызымыз» деп, шараға жиналған қауымды арнайы дайындалған көрмені тамашалауға шақырды.

Аа

Көрме сөресінен Ұлы Отан соғысы жылдарында ел қорғаған жауынгерлердің ерлік істерін көрсететін 100-ге жуық жәдігер орын алыпты. Атап айтқанда, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы С. Нұрмағамбетовтің өнегелі өмір жолы туралы мәліметтер, соғыс ардагері Ақбек Ідірісұлыныңфотосуреттері, наградалары мен құжаттары, хаттары, жеке заттары және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қалыптасу тарихына қатысты деректі құжаттар т.б.

Сонымен қатар, кент тұрғындары мен қонақтар биыл туғанына 115 жыл толып отырған атақты қаһарман атамыз Бауыржан Момышұлы, туғаны 110 жыл толып отырған Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдулин, туғаны 100 жыл толып отырған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова қатарлы тұлғалардың өмір жолын насихаттауға арналған «Ерлік дастаны» атты көшпелі көрмені тамашалады.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15