Оқиға • Бүгін, 18:03

Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды: Екі адам қаза тапты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында Алматы – Өскемен – Ресей шекарасы бағытындағы тасжолда жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды: Екі адам қаза тапты

Фото: orda.kz

Қайғылы жағдай 24 сәуір күні тасжолдың 1139-шақырымында, Березовка ауылының маңында болған. Mazda және JAC маркалы автокөліктері соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көліктердің бірі танымастай зақымданған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Mazda көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Ал JAC көлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

35 млн теңге өтемақы: Алматыдағы жол апатынан зардап шеккен отбасы сот шешіміне наразы

Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Алматыда жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар