Мереке • Бүгін, 11:01
Ел тұрғындары шілде айында қанша күн демалады?
2026 жылдың шілде айында Астана күніне байланысты қосымша демалыс беріледі. Биыл 6 шілде дүйсенбіге сәйкес келетіндіктен, бес күн еңбек ететін азаматтар 4, 5 және 6 шілде күндері үш күн қатарынан демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Бүгін, 10:51
Қарағандыда жүктілікті үзу қызметі үшін заңсыз 22 млн теңге төлем алынған
Қарағанды облысының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметтердің заңдылығына тексеру жүргізді. Тексеру барысында жүктілікті жасанды түрде үзу қызметтері үшін әйелдерден негізсіз ақы алынғаны белгілі болды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл қызмет МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтарға тегін көрсетілуі тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • Бүгін, 10:37
Жамбыл облысында пара алған экс-полицейлерге сот үкімі шықты
Тараз қалалық №2 сотының шешімімен Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Жайдарбек Құттыбаев 6 жылға, Талас аудандық полиция бөлімінің бұрынғы басшысы міндетін атқарушы Еркен Абаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар екеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан және арнайы атақтарынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Бүгін, 09:45
Степногорскіде оқушылардың жеке деректері тарап кеткен: Кінәлілер жазаланды
Степногорск қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балалардың жеке деректерін заңсыз жариялау фактілерін анықтады.Тексеру барысында бірқатар мектептердің және білім бөлімінің интернет-ресурстарында 165 баланың жеке мәліметтері ашық қолжетімді болғаны белгілі болды. Жарияланған ақпарат арасында оқушылардың аты-жөні, білім алатын орны және әлеуметтік мәртебесі туралы деректер қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Табиғи газ өңдеу және өнеркәсіптік газ өндірісіне маманданған америкалық компания жетекшісімен кездесу барысында аталған саладағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Астанада Президент саябағы аумағындағы жаяу жүргіншілер жолынан көлікпен жүріп өткен жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • Кеше
Қазақстан жаңа Конституцияда Ұлы дала тарихи сабақтастығын бекітті
Премьер-министр Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі мәдени байланыстарды нығайту, креативті және шығармашылық индустрияларды дамыту жөніндегі халықаралық конференцияның пленарлық отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • Кеше
Астанада азық-түлікті тиімді бағада қайдан алуға болады?
Елорда тұрғындары мен қонақтары алдағы демалыс күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде отандық өнімдерді тиімді бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • Кеше
Алматыдағы Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады
20 маусымнан бастап Алматыдағы Саин көшесінің бір бөлігінде қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақ пилоттық режимде жұмыс істей бастайды. Жаңа жоба автобустар қозғалысын жеделдетіп, жол қозғалысын реттеу мен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Астанада қыз баланы құтқарып қалған екі азамат марапатталды
Астанада белгісіз ер адамның шабуылынан қыз баланы арашалап қалған екі тұрғын полиция департаментінің марапатына ие болды. Оқиға қалалық саябақтардың бірінде болған. Қыздың көмек сұраған дауысын естіген куәгерлер күдіктіні ұстап, полиция келгенге дейін бақылауда ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz.