Қоғам • 02 Наурыз, 2026
Суррогат ана болу – мамандық па, мәжбүрлік пе?
Елімізде суррогат ана қызметі заңмен реттелген. Осыдан 10-15 жыл бұрын қазақ қоғамы бұл қызмет түріне тосырқай қарайтын болса, қазір сәби сүюге зар болып жүрген ерлі-зайыптылар үшін бірден бір мүмкіндікке айналып келеді. Дегенмен қоғамда «құрсағын жалға беретін» қыз-келіншектерді сынайтындар әлі де бар. Суррогат ана қызметі қалай жүзеге асады? Қыздар үшін бұл мамандық па мәжбүрлік пе? Egemen.kz тілшісі осы мәселеге қатысты зерттеу жүргізіп көрді.
Мереке • 01 Наурыз, 2026
Оксана Тарабрина: Қазақ халқының дархан пейіліне ризамыз
Қайсыбір ұлт өкілінен қазақ халқы жайлы сұрай қалсаңыз, ең алдымен оның бауырмалдылығын, кеңпейілділігін, қонақжайлығын ерекше атап өтеді. Бұл – ғасырлар бойы түрлі ұлт пен ұлысты жатсынбай, бауырына басып, сайын даласындай кеңпейілімен құшақ жая қарсы ала білген халқымыздың кеңдігі мен кемелдігінің, даналығы мен даралығының айғағы. Жеріміздің кеңдігімен қатар пейіліміздің кеңдігі, ынтымақ пен татулыққа негізделген тірлігіміз – әлемге үлгі боларлық құндылық.Алғыс айту күні – осындай асыл қасиеттерді дәріптейтін, тағдыр тоғыстырған түрлі этнос өкілдерінің қазақ халқына деген ризашылығын білдіретін ерекше мереке.
Қоғам • 17 Ақпан, 2026
Интернет алаяқтарға алданғандар оқиғасы: Жиі кездесетін қателіктер мен кеңестер
Ғаламтор желісі дамыған сайын онлайн қылмыс та өршіп барады. Қылмыскерлер алдау мен арбаудың неше түрлі әдіс тәсілдерін ойлап тауып, халықты зар қақсатуды әдетке айналдырды. Бүгін біз оқырман назарына күнделікті өмірде алаяқтықпен бетпе-бет келген адамдардың хикаяларын, осындай жағдайда қалай әрекет етудің жолдарын ұсынамыз, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 09 Қыркүйек, 2024
Баласын қазақ мектептеріне беретіндер көбейген
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді», деген болатын. Осы орайда Астана қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы №61 мектеп-лицей директоры Ернұр Аханұлы Омархановпен сұхбаттасқан едік.
Руханият • 05 Қыркүйек, 2024
Тіліміздің мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз
Тіл - мемлекеттің негізгі тірегі. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың сөзі әр қазақты ойландырарлықтай. Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі. Бұл Ата заңда да жазылған.