Banner
Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ
Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
714 материал табылды

Қаржы • 25 Ақпан, 2026

Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?

Жылдық инфляция сәл баяулағанымен, оның тұрақты түрде төмендеуіне қатысты нақты әрі сенімді белгілер байқалмай отыр. 2026 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция мардымсыз ғана төмендеп, әлі де жоғары деңгейде сақталды. Ал базалық және маусымдық факторлардан тазартылған инфляция көрсеткіштерінің динамикасы бұдан да баяу, бұл инфляциялық қысымның әлі де күшті екенін аңғартады. Сонымен қатар соңғы төрт айда айлық инфляцияның үдеуі байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 25 Ақпан, 2026

Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?

Елімізде әйелдер мен жас қыздардың ерлердің қолынан қаза табуы жиіледі. Бұрын жеке отбасының ғана мәселесі деп қаралған тұрмыстық жанжал қазір терең әлеуметтік, психологиялық және құқықтық себептері бар жүйелі проблемаға айналды. Дәстүрді сылтауратып қыздарды еркінен тыс алып қашу да тыйылар емес. Жігіттер неге агрессорға айналып барады? Нәзік жандыларды қандай заңдар қорғай алады? Egemen.kz тілшісі осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Білім • 25 Ақпан, 2026

Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2018 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының кезекті кезеңі басталды. Байқауға еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдай • 25 Ақпан, 2026

Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады

Елімізде көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізетін «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Инвестиция • 25 Ақпан, 2026

42 млрд теңгеге жуық инвестиция: Ақтөбеде Coca-Cola зауыты салынады

Ақтөбе облысында жаңа өндірістік жоба жүзеге асырылмақ. Осыған орай облыс әкімі Асхат Шахаров Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясының бас директоры Вели Динчельмен кездесу өткізді. Басқосу барысында инвестициялық жобаның кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы және жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 25 Ақпан, 2026

ЕАЭО кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінің онлайн форматта кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерде ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану жөніндегі келісім мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 25 Ақпан, 2026

Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады

Астанада вакцина арқылы алдын алуға болатын ауруларға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырды. Кездесу «Біз вакцинациялау арқылы болашақ ұрпақты қорғай аламыз» тақырыбында өтіп, 2026-2028 жылдарға арналған қалалық жоспар аясында өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Инфрақұрылым • 25 Ақпан, 2026

Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды

Қызылорда облысы прокуратурасында облыс прокурорының тұрақты жеке қабылдауы өткізіліп келеді. Осындай кездесулердің бірінде Сабалақ саяжайының тұрғындары елді мекенге табиғи газ тарту мәселесін көтерген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Технология • 24 Ақпан, 2026

Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады

Бір жылға созылған пилоттық жоба аяқталғаннан кейін Toyota Motor Manufacturing Canada (TMMC) RAV4 кроссоверлері шығарылатын зауытта жеті Digit роботын пайдалану жөнінде келісімшарт жасасты. Digit моделін 2015 жылы Орегон университетінің түлектері құрған Agility Robotics компаниясы әзірлеген, деп хабарлайды Egemen.kz

Білім • 24 Ақпан, 2026

Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?

Қазақстанда оқушылардың сабақ кезінде ұялы телефон пайдалануына заң жүзінде шектеу қойылған. Бұл норма 2024 жылы «Білім туралы» заңға енгізіліп, 2026 жылдың ақпан айына дейін елдегі барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика