Жасанды интеллект • 28 Мамыр, 2026
Жасанды интеллект: Қазақстанда 50 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін
2035 жылға қарай Қазақстанда 14 мамандық жойылып кетуі мүмкін. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық форум аясында өткен еңбек нарығына арналған сессияда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 28 Мамыр, 2026
Депутат: Тұрғын үй саясаты жаңа шешімді талап етеді
Азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мемлекеттің негізгі әлеуметтік басымдығының бірі болып қала береді. Алайда, алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін бүгінде инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыруға және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты жүйелі шектеулерді уақтылы жою маңызды, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 28 Мамыр, 2026
Бурабайда суға тұншыға жаздаған еліктің лағы құтқарылды
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері көлде әлсіреп қалған еліктің лағын құтқарып қалды. Оқиға Кіші Шабақты көлі аумағында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 28 Мамыр, 2026
Балаларды сақтандыру неліктен маңызды?
Көпшілік балаларды сақтандыру тек аса белсенді немесе кәсіби спортпен айналысатындарға ғана керек деп ойлайды. Алайда тәжірибе көрсеткендей, балалар түрлі қауіпті жағдайға күнделікті өмірде көбірек ұшырайды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 28 Мамыр, 2026
Мамандар кеңесі: Несие аларда нені ескеру керек?
Қарыз алу туралы шартқа қол қою – үлкен жауапкершілік. Өйткені құжатқа қол қойған сәттен бастап қарыз алушы оның барлық талаптарымен келіседі және міндеттемелерді орындауға жауапты болады. Мамандар шарт талаптарын мұқият оқымау қаржылық қиындықтарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 28 Мамыр, 2026
Әлемде жасанды интеллектіні қолдану қарқыны артып келеді: Қазақстан қай орында?
Жасанды интеллект технология болудан қалып, елдердің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын факторға айналып барады. 2026 жылдың бірінші тоқсанында әлемдегі еңбекке қабілетті халықтың 17,8%-ы жасанды интеллектіні тұрақты түрде қолданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Мамыр, 2026
Атырауда көпқабатты үйден шыққан өрттен екі бала құтқарылды
Атыраудағы өрт кезінде ТЖМ құтқарушылары түтінге оранған үйден екі баланы алып шықты. Оқиға Лесхоз шағын ауданында болған. Кезекші пультіне көпқабатты тұрғын үйдің қатты түтінденгені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 28 Мамыр, 2026
Іздеуде жүрген 14 қылмыскер Ресей аумағында ұсталды
Қазақстан мен Ресей Ішкі істер министрліктері қылмыскерлерді іздестіру бағытындағы өзара іс-қимылды күшейтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Мамыр, 2026
Балуандарымыз Азия біріншілігінде тағы 4 медаль жеңіп алды
Қазақстан күрес құрамасы Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы төрт медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Еңбек • 26 Мамыр, 2026
Жасөспірімдерді қызметке алатын жұмыс берушілердің жауапкершілігі күшейтіледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық өзгерістер әзірлеп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында министр Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.