Taza.kz
Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ
Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1092 материал табылды

Ипотека • 10 Сәуір, 2026

«Ұмай» мен «Жасыл ипотека» бағдарламалары іске қосылады: Бастапқы жарна қанша?

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Отбасы банк» Азия даму банкімен 90 млрд теңге көлемінде қарыз беру туралы келісімге қол қойды. Бұл қаражат «Ұмай» және «Жасыл ипотека» бағдарламалары аясында тұрғын үй несиелерін беруге бағытталады. Алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам несие беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 10 Сәуір, 2026

Әділет министрлігі арнайы науқан бастады: Қандай жағдайда шоттағы тыйым алынып тасталады?

Әділет министрлігі Республикалық жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп, 2026 жылғы 6-30 сәуір аралығында азаматтардың белгілі бір төлемдер түсетін шоттарындағы тыйымдарды алып тастауға бағытталған науқанды іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 10 Сәуір, 2026

Алаяққа алданған жағдайда ақшаны қайтару мүмкін бе?

Күн сайын ондаған отандасымыз алаяқтардың құрығына түсіп, миллиондаған қаражатынан айырылып жатады. Бұл тек материалдық шығын ғана емес, азаматтардың жан дүниесіне салмақ салып, ментальды саулығына да орасан зор нұқсан келтіретін қоғамдық дертке айналып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 10 Сәуір, 2026

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Пасха мерекесіне орай уақытша атысты тоқтату туралы шешім қабылдады. Кремль таратқан мәліметке сәйкес, режим 11 сәуір күні Мәскеу уақытымен 16:00-де басталып, 12 сәуірдің соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 10 Сәуір, 2026

Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды

Ақтау қаласының тұрғыны «Оймаша» оқу полигоны маңында саңырауқұлақ теруге барған кезде күдікті зат тауып алған. Ол оқ-дәріге ұқсас жарылмаған снаряд болуы мүмкін деген болжам бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 10 Сәуір, 2026

Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін

Таяу Шығыстағы кезекті атысты тоқтату келісімі халықаралық қауымдастық тарапынан оң бағаланғанымен, оның ұзақмерзімді салдары мен тиімділігіне қатысты сұрақтар әлі де көп. Сарапшылардың пікірінше, бұл келісім – тек алғашқы қадам, ал өңірдегі түйткілді мәселелер, соның ішінде ядролық бағдарлама, геосаяси ықпал және сенім дағдарысы әлі де шешімін тапқан жоқ. Аймақтағы тұрақсыздық тек өңірлік қауіпсіздікке ғана емес, жаһандық экономикаға, энергетикалық нарықтарға және инвестициялық ахуалға тікелей әсер етеді. Мұндай жағдайда Қазақстан сияқты бейтарап әрі көпвекторлы саясат ұстанатын елдердің рөлі арта түсуде. Ел басшылығының бітімгерлік бастамалары, дипломатияға басымдық беруі және келіссөз алаңын ұсынуға дайындығы Қазақстанды сенімді серіктес ретінде көрсетеді. Саясаттанушы Таир Ниманов қазіргі жағдайды жан-жақты талдап, келісімнің маңызы, тәуекелдері және Қазақстан үшін ықтимал салдары туралы өз көзқарасын білдірді.

Заң мен Тәртіп • 10 Сәуір, 2026

Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды

Тараз қаласында полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 43 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заң • 10 Сәуір, 2026

Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды

Қазақстан азаматы аса ірі мөлшерде қаражат жымқырды деген күдікпен Грузиядан елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Табиғат • 10 Сәуір, 2026

Ертіс өзенінде сең қозғалды

Ертіс өзенінде көктемгі мұз қозғалысы басталды. Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мұз массаларының жылжуына байланысты өзендегі су деңгейі тәулік бойы бақылауға алынған. Қазіргі уақытта ірі мұз кептелістері тіркелмеген, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ауа райы • 10 Сәуір, 2026

Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі

10 сәуір күні Қазақстанның бес қаласында атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр. «Қазгидромет» мәліметінше, мұндай жағдайлар Өскемен, Семей, Риддер, Тараз қалаларында және күндіз Алматыда күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Яндекс.Метрика