Taza.kz
Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ
Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1092 материал табылды

Президент • 14 Сәуір, 2026

Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды дамыту және жас зерттеушілерді қолдау саясаты аясында  Ғылым қызметкерлері күніне орай 10 жас ғалымға пәтер кілттерін табыстады. Тұрғын үйлер Алматы мен Астана қалаларынан өтеусіз негізде берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Табиғат • 14 Сәуір, 2026

Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды

Алматы зообағында Тянь-Шань қоңыр аюларының отбасында екі қонжық өмірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жемқорлық • 14 Сәуір, 2026

«ҚазТемірТранстың» бұрынғы вице-президенті 5,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Қаржылық мониторинг агенттігі «ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті А.А. Капеновке қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Іс қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану және қаржы жымқыру күдігі бойынша қаралуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда • 14 Сәуір, 2026

Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді

Астана халықаралық әуежайы аумағында 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында ұшу-қону жолағына жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 14 Сәуір, 2026

Астанада құрылыс кранының кабинасы өртенді

Астана қаласында құрылыс алаңында башнялы кранның кабинасы өртенді.Оқиға Айтматов көшесі бойындағы құрылыс нысанында болған. Кран кабинасынан қою қара түтін шығып, өрт туралы хабарлама түскен соң, оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 14 Сәуір, 2026

Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті

Түркияның Шанлыурфа провинциясында мектепте қарулы шабуыл болып, 16 адам зардап шекті. Оқиға Ахмет Коюнджу атындағы Анатолия кәсіби-техникалық лицейі аумағында болған. Мәліметтерге сәйкес, 19 жастағы жігіт алдымен мектеп ауласында, кейін ғимарат ішінде ұзын ұңғылы қарумен оқ атқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салық • 14 Сәуір, 2026

Блогерлерге 600 млн теңге салық төлеу міндеттелді

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкіметтегі брифингте қазіргі таңда 7 блогерге қатысты салықтық тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 13 Сәуір, 2026

Таеквондошылар әлем чемпионатында қос қола жүлде жеңіп алды

Ташкент қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы таеквондо бойынша әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 13 Сәуір, 2026

Қазақстанда халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 6,5 млн теңгеге дейін төленеді

Оқу-ағарту министрлігі халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарына және олардың ұстаздарына берілетін біржолғы сыйақы төлеу тәртібін жаңартты. Тиісті бұйрық 2026 жылғы 30 наурызда қабылданып, 21 сәуірден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Табиғат • 13 Сәуір, 2026

Каспий теңізінде бір түнде үш жер сілкінісі тіркелді

Каспий теңізінің акваториясында 12 сәуірге қараған түні үш рет жер сілкінісі болды. Бұл туралы Әзербайжанның Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика