фото: olympic.kz
Жарыстың кезекті күнінде әйелдер күресіндегі соңғы жүлделер сарапқа салынып, еркін күрес бәсекелері басталды.
Қазақстан қоржынына алтын медальді Майис Алиев салды. Ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, Азия чемпионы атанды.
Күміс жүлдені Еламан Амангелді (57 келіге дейін), Алтын Шагаева (57 келіге дейін) және Тыныс Дубек (62 келіге дейін) иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 16 медаль бар. Оның төртеуі алтын, сегізі күміс және төртеуі қола жүлде.
Бұған дейін грек-рим күресінен Айбек Айтбеков (60 келіге дейін), Ислам Евлоев (97 келіге дейін) және әйелдер құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбек (55 келіге дейін) Азия чемпионы атанған болатын.
Айта кетейік, Қазақстандық таеквондошы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Ал боксшыларымыз Азия додасында 7 алтын медаль еншіледі.