Фото: Астана әкімдігі
Шектеу Алматы көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта енгізіледі.
Әкімдік мәліметінше, жол инженерлік желілерді жүргізу жұмыстарына байланысты жабылып отыр.
Қала тұрғындары мен жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыстағы өзгерістерді ескеру ұсынылды. Жөндеу аумағында уақытша жол белгілері мен бағыттағыштар орнатылады.
Еске салайық, 25-29 мамыр күндері Астананың бірқатар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі.