Қоғам • Бүгін, 18:58

Зайсанда жаңа әуежайдың құрылысы аяқталуда

1 мин
оқу үшін

Зайсан ауданындағы жаңа әуежай құрылысына 300-ден астам адам тартылған. Облыс әкімдігінің мәліметінше қазіргі таңда әуежай құрылысы 75 пайызға аяқталған, деп хабарлайды Egemen.kz

Зайсанда жаңа әуежайдың құрылысы аяқталуда

Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Әуеайлақтың негізгі бөлігі –  ұшу-қону жолағы, перрон және рульдеу жолы толық салынды. Аэродром аумағындағы дренаж жүйелері мен инженерлік коммуникациялардың құрылысы да аяқталды. Қазіргі уақытта терминал, апаттық-құтқару қызметі ғимараты, гараждар және жанар-жағармай сақтау қоймаларын салу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады

Ұшу-қону жолағының ұзындығы 2200 метр, аэровокзалдың жалпы аумағы 4000 шаршы метр болады. Шілде айында сынақ рейсі жүзеге асырылмақ.

Айта кетейік, әуежай іске қосылғаннан кейін Қытайдың Үрімші қаласына, Алтай аймағына және Қанас көліне халықаралық рейстер ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Астана, Алматы және Өскемен қалаларына ішкі бағыттар бойынша әуе қатынасы жолға қойылады. Әуежай Bombardier Q400, ATR-72 секілді өңірлік санаттағы әуе кемелерін қабылдайтын болады.

Соңғы жаңалықтар