Университет • Бүгін, 17:01

Талапкерлер арасындағы бәсеке 2 есе артты: Қазақстандағы ММУ филиалына 25 жыл толды

1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалына биыл 25 жыл толып отыр. ТМД кеңістігіндегі алғашқы шетелдік филиал ретінде ашылған оқу орны бүгінде еліміздегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі, деп жазады Egemen.kz.

Талапкерлер арасындағы бәсеке 2 есе артты: Қазақстандағы ММУ филиалына 25 жыл толды

Фото: astanatv.kz

Ширек ғасыр ішінде университет 2 700-ге жуық маман даярлап шығарған. Түлектердің басым бөлігі қазір ғылым, білім беру, мемлекеттік қызмет пен бизнес саласында жетекші қызметтер атқарып жүр.

ЕҰУ Ресейдің жетекші университеттерімен ынтымақтастығын кеңейтеді

Университет басшылығының айтуынша, халықаралық білім беру нарығы кеңейіп, шетелдік жоғары оқу орындарының саны артқанына қарамастан, ММУ филиалына деген қызығушылық төмендеген жоқ. Керісінше, соңғы жылдары талапкерлер арасындағы бәсеке 2 есеге артқан.

Қазақстандағы ММУ филиалының директоры Александр Сидорович оқу орнының жоғары академиялық деңгейі сақталғанын атап өтті.

«Филиал осыдан 25 жыл бұрын Владимир Путиннің тікелей қолдауымен ашылды. Бұл – посткеңестік кеңістіктегі Ресей университетінің алғашқы филиалы. Оның үстіне, оқу орны Қазақстанның бастамасымен құрылған еді. Осы уақыт ішінде біз Мәскеу университетінің деңгейіне сай білім беру сапасын қамтамасыз ете алдық. Мұнда түсу де, оқу да оңай емес. Соған қарамастан талапкерлер саны азаймай отыр», деді ол.

Бүгінде ММУ филиалы жоғары талаппен іріктеу жүргізетін, академиялық даярлығы мықты оқу орындарының қатарында саналады.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин «Сириус» мектебінің капсуласын салу рәсіміне қатысты.

Соңғы жаңалықтар