Зерде • 17 Сәуір, 2025

Оқушылар Еуропалық білім бәйгесінде жоғары нәтиже көрсетті

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның қыздар құрамасы Еуропалық математикалық олимпиадада (EGMO) үшінші жыл қатарынан дайындықтары жоғары екенін айғақтады, деп жазады Egemen.kz.
 

Оқушылар Еуропалық білім бәйгесінде жоғары нәтиже көрсетті

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Биыл білім бәйгесі Приштина қаласында (Косово) оған 52 елден 219 оқушы қатысса, Қазақстан атынан 4 оқушы және 2 жетекші қатысып, сол оқушылардың 4-еуіде жүлдегер болды:
 
Юлия Катунина (күміс жүлдегер) – Павлодар қаласындағы №8 дарынды балаларға арналған лицейінің 10 сынып оқушысы;
 
Арай Касенова (қола жүлдегер) – Алматыдағы «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 11 сынып оқушысы;
 
Анар Дидарбекова (қола жүлдегер) Алматы қаласының №39 С.А.Ходжиков атындағы мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы;
 
Аружан Қайрат (қола жүлдегер) – Алматы қаласының №39 С.А.Ходжиков атындағы мамандандырылған лицейінің 10 сынып оқушысы.
 
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиада алғаш рет 2012 жылы Ұлыбританияның Кембридж қаласында өтіпті. Қазақстан құрамасы оған 2017 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Осы уақыт аралығында еліміздің дарынды қыздары 3 алтын, 12 күміс, 15 қола медаль және 4 Құрмет грамотасын иеленген.