Қоғам • Бүгін, 21:44

Ұлттық қауіпсіздік комитеті интернет және киберсалада бақылауды күшейтеді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) құзыреті кеңейтілуі мүмкін. Қазіргі уақытта бірқатар президент жарлықтарына өзгерістер енгізу қарастырылып жатыр. Бұл өзгерістер ҰҚК, Шекара қызметі, антитеррорлық орталық және ұлттық қауіпсіздік саласындағы өзге құрылымдардың жұмысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті интернет және киберсалада бақылауды күшейтеді

Жаңа түзетулерге сәйкес, ҰҚК-нің цифрландыру, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект салаларындағы өкілеттігі артады. Атап айтқанда, комитет критикалық цифрлық инфрақұрылым объектілерінің киберқауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, ҰҚК мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен деректер алуға, қорғалған ақпараттық жүйелерді дамытуға, құпия құжаттармен жұмыс істеуге және «электронды үкіметтің» интернет пен поштаға бірыңғай шлюзін үйлестіруге қатыса алады.

Шекара қызметіне де жаңа цифрлық технологияларды қолдану және киберқауіпсіздікке қатысу функциялары қосылады.

Құжаттағы кейбір тармақтар құпия түрде қалдырылған. Өзгерістер 2026 жылдың 12 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Еске салайық, Павлодар облысында киберполицейлер зейнеткердің 5 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалған болатын.

Ал Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтаған еді.

Соңғы жаңалықтар