Қоғам • Бүгін, 10:20

Ардагерлерге әрқашан қамқорлық қажет

30 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Президент жыл басында «Ana tili» газетіне берген сұхбатында Жеңістің 80 жылдығы аясында соғыс және тыл ардагерлеріне айрықша құрмет көрсетілетіні туралы айтқан еді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 мамырдағы дерегінше, қазір елімізде 105 соғыс ардагері тұрады. Бұған қоса фашизмді жеңуге үлес қосқан 40 707 адам бар. Президент тапсырмасы шеңберінде оларды әлеуметтік тұрғыда қолдаудың ауқымды іс-шаралары қолға алынды.

Ардагерлерге әрқашан қамқорлық қажет

Сурет «Егемен Қазақстанның» архивінен алынды

Былтыр Жеңіс күніне орай Екінші дүниежүзілік соғыс қатысу­шы­ларына 1,5 млн теңге көлемін­де біржолғы материалдық көмек берілген болса, биыл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігінің ұсынысымен оның көлемі 5 млн теңгеге дейін көбейді. Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында жыл басынан бері 109 ардагерге жалпы сомасы 545 млн теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы төленген. Сонымен қатар Жеңіске үлес қосқан өзге де санаттағы азаматтарға 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейін әлеуметтік көмек берілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафиннің айтуынша, ардагерлерге қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басым­дықтарының бірі болып саналады.

– Елімізде қоршаудағы Ленин­градтың 64 тұрғыны, концла­герьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған 129 тұтқыны, соғыс кезінде алған жарақаты, контузиясы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан қайтыс болған адамдардың 1 638 жұбайы, сонымен қатар 38 874 тыл еңбеккері бар. Биыл 1 мамырдағы жағдай бойынша соғыс ардагерлері алатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері 271 802 теңгені, ал тыл еңбеккерлері алатын орташа жиынтық мөлшері 179 800 теңгені құрайды, – деді ол.

Бұған қоса вице-министр қазіргі кезде әскери қызметшілер пайдаланатын құқықтар мен кепілдіктердің барлығы ардагерлеріміз үшін де жарамды екенін айтты. Олар салық жеңілдіктерін пайдаланады, Астана және Алматы қалаларындағы маман­дандырылған гос­питальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі, санаторий-курорттық емдеу ұсы­нылады.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бюджеттік және демеушілік қаражат есебінен ардагерлерге мереке­лік (атаулы) күндерге орай, тұрғын үйге жөндеу жүргізу, отынмен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек түрінде қосымша әлеуметтік қолдау шараларын, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және қоғамдық көлікте жол жүру бойынша жеңілдіктерді, т.б. көмек түрлерін көрсетеді.

– 2025 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызмет ақыларын өтеу (2,6 млрд теңге), тұрғын үйді жөндеу (21,5 млн теңге), отын сатып алу (14,5 млн теңге), қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдіктері (4,1 млрд теңге), дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (48,5 млн теңге), тіс протездеу (441,9 млн теңге), азық-түлік топтамасы (103,9 млн теңге) түрінде көмек көрсету көзделген, – дейді Еңбек және халықты әлеуметті қорғау вице-министрі.

Бұған қоса сәуір-мамыр айларында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған пойызын іске қосып, ел халқына профилакти­калық-диагностикалық қызмет көрсетіп жатыр. Жоба шеңберінде Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары, тыл еңбеккер­лері және шалғайдағы стансалардың тұрғындары білікті медицина мамандарынан (терапевт, стоматолог, офтальмолог, оториноларинголог, хирург, уролог, маммолог, педиатр) тегін тексеруден және емделуден өтуге мүмкіндік алып отыр. Оның ішінде соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін үйде қызмет көрсету көзделген.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Ардагерлер ұйымы» РҚБ ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсету бо­йынша «Birgemiz Qamqor» республикалық жобасын іске қоспақ. Жоба жастарды соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне деген терең құрмет, гуманизм мен патриотизм сезімдерін оятуға бағытталған.

Айта кетсек, біздің елімізде ТМД мемлекеттері ішінде соғыс ардагерлеріне ең үлкен әлеуметтік қолдау көрсетіліп келеді. Бұл көмек түрлері алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15