Фото: Shutterstock Gen AI/Shutterstock.com
Ресми мәлімдемеге сәйкес, Тегеран АҚШ пен оның одақтастары Иранның ұлттық инфрақұрылымына бағытталған шабуылдарын тоқтатқан жағдайда, бұғаз акваториясындағы әскери әрекеттерін уақытша тоқтатуға келісіп отыр. Шарт мерзімі аяқталуға екі сағат қалғанда, яғни АҚШ Иранның көпірлері мен электр станцияларына соққы беруді жоспарлаған сәтте, бұл келісімді Дональд Трамп растады.
Келісім кезеңінде Ормұз бұғазы арқылы кеме қатынасы қайта жанданып, қозғалыс Иран күштерінің техникалық бақылауында болады. Сонымен қатар, Израиль де атысты тоқтату шарттарын сақтауға міндеттеме алған.
Ормұз бұғазының бұғатталуы әлемде қандай тәуекелдер тудырады?
The New York Times басылымының жазуынша, Тегеран бұғаз арқылы өтетін әрбір кемеден шамамен 2 миллион доллар көлемінде алым алуды көздеп отыр. Бұл қаражат Оманмен бөлісіліп, соғыс салдарынан қираған нысандарды қалпына келтіруге бағытталмақ. Осылайша, Иран билігі Вашингтон мен Тель-Авивтен тікелей өтемақы талап етуден бас тартуды жоспарлап отыр.
Ормұз бұғазындағы шектеулер отандық ауыл шаруашылығына қалай есер етеді?