Спорт • Кеше

Қазақстандық таеквондошы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

1 мин
оқу үшін

Моңғолия астанасы  Ұлан-Батырда өтіп жатқан сары құрлық чемпионатында Самирхон Абабакиров үшінші орынды жеңіп алды. Қазақстанның атынан шыққан спортшы 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандық таеквондошы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

 

Абабакиров жартылай финалда  Ираннан барған Махди Хаджимусайдан 2:0 есебімен жеңіліп қалды.  

Бұған дейін Азия чемпионатында Еркебұлан Еркегенов (54 келіге дейін), Назым Махмұтова (73 келіге дейін) және Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін) қолға қол жеткізген болатын.

Соңғы жаңалықтар