Фото: Облыс әкімдігі
Кеңес барысында Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті және өзге де жауапты басқармалар басшылары қазіргі жағдай жөнінде баяндама жасады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде әкімдік ғимараты толықтай электр желісінен ажыратылған.
Өңір басшысы жағдайдың маңызын атап өтіп, мемлекеттік органның қызметі тоқтап қалмауы тиіс екенін жеткізді.
«Әкімдік – жай ғана ғимарат емес, бұл өңірдің тұтастай басқару жүйесін жүзеге асыратын нысан. Мұнда әрбір тұрғынның өміріне әсер ететін маңызды шешімдер қабылданады. Бүгін біз төтенше жағдаймен бетпе-бет келдік, алайда ең бастысы – қызметкерлердің қауіпсіздігі біздің басты назарымызда тұр. Барлық қызмет үйлесімді жұмыс жүргізіп жатыр. Біз әкімдік жұмысының қысқа мерзімде қалпына келуін қамтамасыз етіп, жағдайды жою барысы туралы тұрғындарға толық ақпарат береміз», деді Асхат Шахаров.
Жиын қорытындысында облыс әкімі бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, әкімдік аумағындағы қауіпсіздік шараларын күшейту, өрттің салдары толық жойылғанға дейін жедел қызметтердің тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыру, сондай-ақ өрттің шығу себебін анықтау үшін жан-жақты тексеру жүргізу міндеттелді.
Қазіргі таңда жағдай бақылауға алынған. Тиісті қызметтер өрттің салдарын жою және оның себептерін анықтау бағытында кешенді жұмыс жүргізіп жатыр.