Зерде • 21 Сәуір, 2025

Инженерлік турнирде Қазақстан оқушылары 6 марапат иеленді

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хьюстондағы (АҚШ) FIRST Championship 2025 халықаралық инженерлік турнирінде Қазақстан құрамасы үш жас санаты бойынша рекордтық нәтиже көрсетті. Аталған білім бәйгесіне 110 елден 50 мыңнан астам оқушы қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Инженерлік турнирде Қазақстан оқушылары 6 марапат иеленді

Фотолар: Oqu-agartu ministrligi

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше Қазақстан намысын 7 команда қорғады. Жоғары санатта (12-18 жас) Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің PID командасы еліміз тарихында тұңғыш рет жарыстың финалына өтіп, екі марапат иеленді – Motivate Award Winner және Division Finalist Award. Аталған мектептің CRISTABOL командасы техникалық және техникалық емес дағдылардың үздік үйлесімі үшін берілетін ең беделді марапат – INSPIRE Award-ты жеңіп алды.

Sana Team (Алматыдағы Білім-инновация лицейі) және Jeltoqsun (Қарағандыдағы «Мұрагер» мектебі) командалары роботтар ойыны бойынша 258 команданың ішінен ТОП-20 қатарына енді.

Орта санатта (10-16 жас) – FIRST LEGO League Challenge турнирінде Астана қаласындағы «Skillset» мектебінің SKILLSET командасы Champions Award номинациясы бойынша финалист атанды. Қарағандыдағы «Мұрагер» мектебінің RASSLEXX командасы Coopertition Award Winner марапатын жеңіп алды.

Кіші санатта (6-10 жас) – FIRST LEGO League Explore бойынша Павлодар қаласындағы «Сатурн» мектебінің ATLANTIS командасы Team Model Award марапатына ие болды.

gov.kz

Айта кетсек, Қазақстан аталған чемпионатқа небәрі 5 жылдан бері ғана қатысып келеді екен.