Аймақтар • Бүгін, 14:18

Биыл Абай облысында 5172 бала лагерьде демалады

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Абай облысында балалардың жазғы демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бағытындағы кешенді жұмыс жалғасып жатыр. 2025 жылы бұл шаралар Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың жоспарларына сәйкес, санитариялық талаптар, қауіпсіздік және тәрбиелік мақсаттар ескеріле отырып жүргізілуде, деп жазады Egemen.kz.

Биыл Абай облысында 5172 бала лагерьде демалады

Фото: gov.kz

Максималды қамту және түрлі форматтағы демалыс

Биыл демалыс пен бос уақытты тиімді үйлестіру шараларына  79 480 баланы қамту  жоспарланған. Бұл – облыстағы оқушылардың жалпы санының 83,4 пайызы. Бұдан бөлек, мектеп оқушыларының 100 пайызға жуығы түрлі іс-шараларға – шығармашылық, зияткерлік, спорттық, патриоттық және басқа да бағыттар бойынша тартылады.

Облыс бойынша 267 мектеп жанындағы және бейінді лагерь жұмыс істейді. Олар жалпы білім беретін мектептердің, қосымша білім беру ұйымдарының және балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің базасында ұйымдастырылады. Оның ішінде 110 лагерьде 9 мыңнан астам баланы ыстық тамақпен қамту қарастырылған. Сонымен қатар балалар үйлері, кітапханалар, аула клубтары мен үйірмелер де белсенді түрде жұмылдырылады.

 

Стационарлық лагерьлер: әлеуметтік осал топтағы балаларға басымдық беріледі

Жаз мезгілінде 11 стационарлық сауықтыру лагері жұмыс істейді деп жоспарланып отыр. Оның ішінде 8-і – мемлекеттік, 3-і – жекеменшік лагерь. Жалпы 5172 бала лагерьде демалмақ. Оның ішінде 4713-і – әлеуметтік осал санаттағы балалар. Олар «Всеобуч» қорының қаражаты есебінен жолдамамен қамтылады.

Қазіргі уақытта лагерьлерді балаларды қабылдауға дайындау – басты назарда. Бұл бағытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жабдықтар сатып алынып жатыр. Лагерьдегі қауіпсіздік бейнебақылау, қоғамдық тәртіп күзеті, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және мамандарды іріктеудің қатаң тәртібі арқылы қамтамасыз етіледі.

 

Интеллектуалдық және патриоттық бағыттағы жаңа жобалар

2025 жылы облыста балалардың жеке тұлғалық дамуы мен қызығушылығын арттыруға бағытталған бірқатар жаңа жоба жүзеге асырылады:

«Абай жолы» – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты орындар бойынша әдеби-өлкетану бағыты;

«JAS AKADEMIK-2025» – Семей және Өскемен қалаларының университеттерімен бірлескен дарынды балаларға арналған академиялық жазғы мектеп;

«Жазғы кәсіби бағдарлау лагерьлері» – колледждер базасында жұмысшы мамандықтарды насихаттауға арналған;

«Жазғы кемпинг» – туризм, патриоттық тәрбие және спорттық сайыстар элементтерімен ұйымдастырылатын көшпелі қысқамерзімді демалыс бағдарламалары.

Сонымен қатар өңірдің қала-аудандарында жазғы бос уақытты тиімді ұйымдастыруға бағытталған 33 аймақтық жоба іске асырылуда.

 

Қауіпсіздік – басты басымдық

Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі. Шомылу тек ресми рұқсат етілген орындарда өтеді, қызметкерлер құқық қорғау органдарының базасы арқылы тексеріледі, барлық санитарлық норма қатаң сақталады. Мектеп жанындағы лагерьлерде іс-шаралар арнайы бекітілген бағдарламалар мен әдістемелік ұсынымдарға сәйкес өткізіледі. 

2025 жылғы жазғы маусымда балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысы ұйымдастырылады. Лагерь бағдарламалары әр баланың әлеуетін дамыту және әсіресе әлеуметтік жағынан осал отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталады.

Жазғы демалысты ұйымдастыру мәселесі Абай облысының білім басқармасының тұрақты бақылауына алынған.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15