Көрме • Бүгін, 11:00

Жезді жәдігерлері

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанадағы Ұлттық музейде «Қазақстан – майдан арсеналы» атты тақырыппен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тылдағы жұрттың бейнетін бейнелейтін көрме өтті.

Жезді жәдігерлері

Көрмеге Ұлытау облы­сының Жезді кентіндегі музейден 40-тан астам экспонат әкелініп, Ұлттық музейде бір ай бойы келушілер назарына ұсынылып отыр. Бұлтартпас фактілер мен ресми құжаттарға негізделген тарихи тағылымы мол көрмеден майдан кезіндегі өмірдің суретін көруге болады.

Көрменің ашылуында сөз алған Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы Жездінің кент болып құрылу тарихы турасында аз-кем мәлімет айтты.

– Соғыс жылдары бұл төңі­ректен үлкен марганец-жез кені­ші табылған. Украинада-ғы марганец өндірісінің ошақтарын фашистік режімге беріп қойған КСРО үшін бұл тығырықтан шығаратын тура жол еді. Өйткені оқ пен снарядтан қорғайтын құрыш құрсау жасау үшін марганец қажет. Сол кезде Қаныш Сәтбаевтың бас­тауымен Жездідегі марганец кен орны ашылып, өнімі майданға құрсаулы танк болып аттанып жатты. Осылайша, Жезді даласы жеңіске өлшеусіз үлес қосқан болатын, – деді Берік Әбдіғалиұлы.

Музейдің бір бұрышынан орын тепкен шағын көрменің ішінде артиллериялық снарядтың алып гильзалары көзге оттай басылады.

– Бұл бұрышқа заттай экспонаттармен бірге Жездіні марганец өндірісінің ошағы етіп дамытуға түрткі болған ресми құжаттар, «За медь» деген атпен жалғыз бет болып, күн сайын шығып тұр­ған жаршы газеттің алғашқы нұсқа­лары сияқты 1941–1945 жылдарды қам­титын дүниелерді алып келдік. Елдің бір түкпірінде жатқан музей­дің мұрасын Астана төріне алдырып, бүкіл жұртшылықтың назарына ұсынуға мүмкіндік берген Ұлттық музей басшылығына алғысымыз шексіз, – деді Жезді кентіндегі Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тари­хы музейінің басшысы Зейпін Қазанбаева.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15