Экономика • 15 Маусым, 2026

Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті

1 мин
оқу үшін

Қазақстанда цифрлық теңгені енгізудің нормативтік-құқықтық базасы бекітіліп, оны одан әрі дамыту жоспары әзірленді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Асет Тұрысов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті

Фото: ЖИ

Оның айтуынша, цифрлық теңге қолма-қол және қолма-қол емес ақша түрлерімен қатар Қазақстандағы үшінші ұлттық валюта ретінде ресми түрде танылды.

«Бүгінде еліміз үшін маңызды жобалардың бірі – цифрлық теңге. Бұл туралы Мемлекет басшысы да атап өткен болатын. Қажетті нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету жұмыстары толық бекітілді. Ресми түрде цифрлық теңге Қазақстандағы үшінші ұлттық валюта болып саналады», деді Асет Тұрысов мемлекеттік қаржыны цифрлық трансформациялау мәселелеріне арналған брифинг барысында.

Вице-министрдің мәліметінше, өткен жылы Ұлттық банкпен бірлесіп цифрлық теңгені пайдалану бойынша шамамен 20 пилоттық жоба іске қосылған. Олардың нәтижесі оң бағаланып отыр.

Цифрлық теңге – инвестициялық құрал емес: Ұлттық банк азаматтарға ескерту жасады

Осыған байланысты Ұлттық банк пен Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізудің жоспарын бекітті. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алғашқы кезекте цифрлық теңге бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған жобаларда және Үкімет айқындаған бастамаларда қолданылатын болады.

Цифрлық теңге: Қаржы жүйесіндегі тың нұсқа

 

Соңғы жаңалықтар