Туризм • Бүгін, 14:02

Kids Go Free: мектеп демалысында қайда баруға болады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде отбасылық ішкі туризмді дамытуға бағытталған Kids Go Free бағдарламасы бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді, деп жазады Egemen.kz.

Kids Go Free: мектеп демалысында қайда баруға болады

Фото: arainfo.kz

Бұл бағдарлама арқылы 2 мен 17 жас аралығындағы балалар ата-анасымен немесе жақын туыстарымен бірге ел ішінде саяхаттаған жағдайда олардың билет шығындарын мемлекет өтеп береді. Бағдарламаға қатысудың басты шарты турды лицензиясы бар туроператордан сатып алу.

Бағдарлама іске қосылғалы бері 5 500-ден астам бала еліміздің түрлі өңірлеріне тегін саяхаттады. Отандық туроператорлар жалпы сомасы 1,2 миллиард теңгеден асатын тур сатқан.

Елімізде отбасылық саяхат үшін ең танымал бағыттар — Алакөл, Маңғыстау, Каспий жағалауы, Алматы және Алматы тау кластері, Түркістан, Астана мен Щучье-Бурабай курорттық өңірі.

Әр өңірде балалар мен ата-аналарға арналған түрлі нысандар мен демалыс орындары бар:

Маңғыстауда — Tetis Blue аквапаркі және Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы;

Алматыда — Көктөбе мен «Медеу» спорттық-туристік орталығы;

Астанада — «Бәйтерек» монументі және ҚР Ұлттық музейі;

Бурабайда — Абылай хан алаңы мен «Оқжетпес» табиғи нысаны.

Мұндай бағыттар отбасылық демалысты мазмұнды етуге, табиғат аясындағы демалыс пен танымдық туризмді тиімді қамтуға мүмкіндік береді.

Ішкі нарықта жұмыс істейтін және тиісті лицензиясы бар туроператорлар бағдарламаға ерікті түрде қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15