Пікір • 31 Қаңтар, 2025

Отандық өнімді қолдау жалғасады

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдің экономикалық дамуына, инфрақұрылымдық жобаларға, әлеуметтік саясат пен туризмге қатысты өзекті жайттар талқыланды. Негізгі мәселе халықтың экономикалық әлеуетін көтеру туралы болды. Ол үшін аймақ пен қала әкімдері өңірлерге белсенді инвестиция тарту керектігін Президент ерекше атап өтті.

Отандық өнімді қолдау жалғасады

Фото: instagram.com/akimat_mangystau

Президент былтыр қабылданған «Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға арналған» ұлттық жоба аясында жергілікті басшылар отандық өнім шығаруды қолға алуды жалғастыру керек деді.

«Үкімет инвесторды іздеуге, қолдауға және қорғауға қатысты жұмыстың бәрін жүйелі жүргізетін біртұтас экожүйе құруы қажет. Бұл жұмыс барлық деңгейде, яғни аймақта, орталықта және шетелде бірдей атқарылуы керек. Осы орайда шетелдік және отандық инвесторларға қатысты ұстаным бірдей болуы қажет. Мемлекеттің қолдауына ие болған компанияларға тиісті талап қойылуы керек. Олар жұмыс орындарын сақтауға, өн­дірісті жаңғыртуға тиіс. Сонымен бірге, экология талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті», деді Президент.

2024 жылы еліміздің әлеуметтік шығыстарға бөлген негізгі қара­жаты жалпы шығыстардың37 %-ын құрады. Бұл көрсеткішті 2026 жылға қарай 44,7%-ға дейін ұл­ғайту жоспарланған. Бұл – аза­мат­тарымыздың әлеуметтік қамсыз­дандырылуы, денсаулық сақтау, мектеп, балабақша және жоғары оқу орындарында тегін білім алу, туризм мен спорт. Яғни мұндай қадам – халықтың әл-ауқатын жақсартуға және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған саяси науқанның бір бөлігі. Экономиканы дамытудың нақты секторына 8,5% ғана жұмсалады. Оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау шаралары, республикалық жолдар құрылысы, экология, су ресурстары және жоғары қосылған құн, жұмыс орындары мен бюджет кірістерін қамтамасыз ететін жобалар. Ал дамыған елдерде эко­­номиканың нақты секторына жұм­салатын шығындар шамамен 25%-ды құрайды.

Сондай-ақ мемлекет тарапынан тағайындалған әлеуметтік көмек­тің мұқтаж жандарға еш қиындықсыз жеткізілуін тиісті қызмет орындарына тапсыру арқылы Мемлекет басшысы жем­қорлықтың қатаң бақылауда бола­­­тын­дығын жеткізді. Халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту үшін ең алдымен экономикалық өсім деңгейін төмендетпеуіміз керек. Сол мәселенің айналысында құзырлы органдар, мемлекеттік әкімшілік қызмет­керлері және басқа да сала маман­дары жұмыла еңбек етуге тиіс.

 

Бекбол Орынбасаров,

Сенат депутаты