Туризм • Бүгін, 13:43

Атыраудан Миланға алғашқы тікелей рейс ұшты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италиялық NEOS Airlines компаниясы Атырауды Еуропаның сән мен бизнес астанасы Миланмен тікелей байланыстыратын тікелей рейсті ашты, деп жазады Egemen.kz.

Атыраудан Миланға алғашқы тікелей рейс ұшты

Бұл – өңір үшін жаңа халықаралық бағыт, енді тұрғындар Еуропаға еш кідіріссіз, тіке жете алады.

Ұшақ билеттерінің бағасы жарияланды: эконом-класс 528 АҚШ доллары (283 мың теңге), ал премиум-класс 1210 АҚШ доллары (648 мың теңге) шамасында.

Алғашқы кезеңде рейстер аптасына бір рет орындалады: жұма күні Атыраудан, ал дүйсенбі күні Миланнан кері ұшып шығады. Кейінірек компания жиілікті арттырып, аптасына екі рейске дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Жаңа бағыттың ашылуына Итальян-қазақ сауда палатасы қолдау көрсетіп, екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға үлес қосты. Жаңа бағыт іскерлік байланыстарды жеңілдетіп, екі ел арасындағы сапарларды ыңғайлы етпек, деп болжанып отыр.

Атырау үшін бұл – Миланға ашылған алғашқы тікелей әуе қатынасы. Жаңа бағыт өңір тұрғындарының саяхат мүмкіндіктерін кеңейтсе, билет бағасы қазірдің өзінде жергілікті халық арасында басты талқылау тақырыбына айналды.