Сурет ашық дереккөзден алынды
Отандық ғалым Борис Смердов 1990 жылы Арал маңындағы су деңгейін бақылау кезінде осы жұмбақ белгілерге тап болған. Аэрофотосуреттерде теңіз түбінен және жағалау бойынан ұзындығы 20–40 шақырымға дейін созылған түзу, параллель сызықтар көрінген. Кейбірі алып қол тарақпен тарағандай немесе қылқаламмен сызған сурет секілді. Ені шамамен 10–12 метр, арақашықтығы ондаған шақырымға жетеді. Француз ғалымдары бұл құбылысты Перудегі әйгілі Наска сызықтарымен салыстырып, «бұл жерден тыс өркениеттің ізі болуы мүмкін» деген болжам жасаған.